Лес Қоқыров ( 1909 жыл – 1988 жыл) — Ұлы Отан соғысы ардагері.
Өмірбаяны Лес Қоқыров 1909 жылы Түркістан облысы Түлкібас ауданы Пістелі ауылында дүниеге келген. Ол 1917-1918 жылдары ауыл молдасынан ескіше сауатын ашқан. 1927 жылдан бастап 18-ге жаңа толған белсенді, алғыр жігіт артель ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласады. Стахановшылар қозғалысы бастамасын қолдап, алғашқылардың бірі болып, шаруашылықтың әр саласында аянбай еңбек етеді. 1935-1938 жылдар аралығында Бурное станциясында ауыл шаруашылық техникумында білім алады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында
1941 жылдың күзінде әскер қатарына шақырылып, бір жарым айлық дайындықтан өтеді. 1943 жылдың 17 наурызда Смоленскі облысы, Сычевка деревнясында, Орталық майданның 251-атқыштар дивизиясының құрамында шабуылға шыққанда миномет жарылып, ауыр жарақат алған. Госпитальде емделіп, соғыстан 2 топтағы мүгедек болып ауылына оралады.
Еңбек жолы
1946 жылы «Пістелі» ұжымшарының төрағасы болып істейді. Ол басқарған «Пістелі» колхозы Түлкібас ауданы бойынша озық жүрді. Бағбандар бригадасын құрып, жеміс- жидектер отырғызды, тау жондарынан жол салдырды. Ол жол халық арасында «Лес жолы» деп аталып кеткен. 1948-1950 жылдар аралығында Пістелі ауылдық сайлау округі бойынша депутат болып сайланады. 1949-1957 жылдары аудандық халық сотының заседателі болып қызмет атқарады. Одан кейінгі жылдары ферма меңгерушісі болады.
Марапаттары Майданда көрсеткен ерліктері үшін ІІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен. "1941-1945 жылдардағы ерлігі үшін", І дірежелі "Отан соғысы үшін" ордені. "Қызыл жұлдыз" ордендерімен марапатталған. Пістелі ауылындағы бір көшеге Лес Қоқыровтың есімі берілген.
Дереккөздер
Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары