Ақмарал Наурызбайқызы Ақбаева — философия ғылымының докторы (1998).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1972 жылы 14 қазанда Алматы қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1994, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) жəне аспирантурасын (1997) бітірген. Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясында аға оқытушы, доцент (1999-2004), Алматы гуманитарлы-техникалық университетінде кафедра меңгерушісі (2004-06), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында доцент (2006-07, қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті), 2007 жылдан Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде доцент. Қазіргі уақытта Азаматтық авиация академиясында қызмет атқарады.Кафедра оқытушылары.

Еңбектері 35 ғылыми мақаланың, 1 оқу-əдістемелік құралының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері