1974 жылы ГФР-де өткен футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы. 7 шілдеде Мюнхендегі Олимпиадалық стадионда өтті. Нидерланд құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірген ГФР құрамасы араға 20 жыл салып, екінші рет әлем чемпионы атанды.
Матч
Шолу Матчтың басталуы бірнеше минутқа кідірді. Ойын басталар алдың алаң жиектеріне жалауша қадауды матч қызметкерлері ұмытып кетіпті. Төрт бұрыш пен ортадағы сызықтың екі шетіне жалаушаларды қойып шығамын дегенше бірнеше минут шығын болды. Кейін осы жәйт әлем чемпионаттары тарихындағы классикалық сәттердің қатарына кірді.
Ойынды Нидерланд футболшылары бастады. Олар бір-біріне пас беріп отырып, 14-ші пас 14-ші нөмерлі футболшы Йохан Кройфке келді. Кройф немістердің қорғанысын бұзып-жарып өтіп, айып алаңына кіре бергенде неміс қорғаушысы Ули Хенесс шалып жықты. Төреші пенальти белгіледі. Пенальтиді Йохан Неескенс дәл соқты.
Ойынның 25-минутында қарсы қақпаға пенальти белгіленді. Бұл жолы Пауль Брайтнер есепті теңестірді. 43-минутта оң қанаттан басталған шабуылды Герд Мюллер нәтижелі аяқтады. Бұл - оның әлем чемпионаттарындағы 14-ші голы еді. Бұл рекорд 2006 жылға дейін өзгеріссіз тұрды.
Екінші таймда қауіпті сәттер көбірек болғанымен есеп өзгермеді. Нәтижесінде ГФР құрамасы әлем чемпионы атанды.
Протокол
GK 8 Ян ЙонгблудRB 20Вим СуурбиерCB 17Вим Риисберген CB 2 Ари ХаанLB 12Руд КролDM 6 Вим ЯнсенCM 13Йохан НеескенсCM 3 Виллем ван Ханегем RW 16Йонни РепLW 15Роб Ренсенбринк CF 14Йохан Кройф (к) Қосалқы құрам:MF 7 Тео де Йонг MF 10Рене ван де Керкхоф Бас бапкер:Ринус Михельс GK 1 Зепп МайерRB 2 Берти Фогтс CB 5 Франц Беккенбауэр (к)CB 4 Ханс-Йорг ШварценбекLB 3 Пауль БрайтнерCM 16Райнер БонхофCM 12Вольфганг ОвератAM 14Ули ХенессRW 9 Юрген ГрабовскиLW 17Бернд ХольценбайнCF 13Герд МюллерАлаңға шыққандар:Басбапкер:Хельмут Шон
Басқа да деректер Осы жеңілістен соң Йохан Кройф "Ешқашан әлем чемпионаттарында ойнамаймын" деп мәлімдеді. Ол шынымен өз сөзінде тұрды. Құраманың 1978 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуына жәрдем беру үшін іріктеуге қатысты да, чемпионатқа тек телекомментатор ретінде ғана барды. Дереккөздер
Санат:Футболдан 1974 жылғы әлем біріншілігі Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:1974 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары