Футболдан әлем чемпионаты 1970 финалы — 1970 жылғы әлем чемпионатының шешуші матчы. 21 маусымда Мехикодағы "Ацтека" стадионында Бразилия құрамасы Италияны 4:1 есебімен тізе бүктіріп, соңғы 12 жыл ішінде үшінші рет әлем чемпионы атанды.
Матч Шолу Матчтан алдын көпшілікті бір ғана нәрсе қызықтырды. Ол: "Қай құрама тарихта бірінші боп үш дүркін әлем чемпионы атанады?" деген сұрақ еді. Ешкім де Бразилияны айқын фаворит санаған жоқ, өйткені, турнирді сылбыр бастаса да, плей-офф кезеңдерінде керемет ойнап, Мексика мен ГФР құрамаларын ұтқан Италиядан ешкім осалдық күтпеді.
19-минутта Пеле баспен соғып есеп ашты. 37-минутта қорғаушылардың қателігінен соң Роберто Бонисенья бос қалған қақпаны дәл көздеді - 1:1. Бірақ бұдан артыққа италиялықтардың шамасы жетпеді. Екінші таймда бразилиялықтар үш доп соқты. 86-минутта Карлос Альберто соққан гол кейін тарихтағы "Ең әдемі командалық гол" атты номинацияны жеңіп алды. Протокол
GK 1 ФеликсDF 4 Карлос Алберто (к)DF 2 БритоDF 3 Вилсон ПиаццаDF 16ЭвералдоMF 5 КлодоалдоMF 8 ЖерсонFW 7 ЖаирзиньоFW 9 Тостао FW 10Пеле FW 11Роберто Ривелино Бапкер:Марио Загалло GK 1 Энрико Альбертози DF 2 Тарчизио Бурньич DF 5 Пьерлуиджи ЧераDF 8 Роберто РозатоDF 3 Джачинто Факкетти (к)MF 10Марио Бертини MF 13Анджело ДоменгиниMF 16Джанкарло Де СистиFW 15Сандро МаццолаFW 11Луиджи РиваFW 20Роберто Бонинсенья Алаңға шыққандарMF 18Антонио Юлиано MF 14Джанни Ривера Бапкер:Ферруччо Валькареджи
Басқа да фактілер Тарихтағы тұңғыш үш дүркін чемпион атанған Бразилия құрамасы Алтын Нике кубогын мәңгілікке өздерінде сақтау құрметіне ие болды. Пеле екінші рет финалда гол соғып, 1958-62 жылдардағы өз отандасы Ваваның көрсеткішін қайталады. Дереккөздер
Сілтемелер Тheguardian.com
Санат:Футболдан 1970 жылғы әлем біріншілігі Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары