Руслан Белемханұлы Дүзмәмбетов — Қазақстан құрамасының және Өскеменнің "Восток" клубының бұрынғы шабуылшысы, футбол төрешісі. 1968 жылы 21 сәуірде дүниеге келген. Өскемен футболының түлегі.
Өмірбаяны Клубта Карьерасының көп бөлігін "Востоктың" құрамында өткізген. 1993 жылы Павлодардың "Аңсат" клубында бір маусым ғана ойнап, қайтадан "Востокқа" келді. 1998 жылға дейін тұрақты ойнап, Басқа клубтарға ауысты.
2000 жылы футболшылық карьерасын аяқтады. Ұлттық құрамада Ұлттық құрама сапында төрт ойын өткізіп, екі гол соқты. Қазақстан құрамасының тарихтағы алғашқы матчында (Қазақстан - Түркіменстан, 1 маусым, 1992) негізгі құрамда алаңға шыққан 11 футболшының бірі. Екі допты да Өзбекстан құрамасының қақпасына соқты. Құрама сапындағы соңғы матчын 1996 жылы Азия Кубогының іріктеу турнирінде Катар құрамасына қарсы өткізді. Негізгі құрамда алаңға шықты да, жарақат алып, 36-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Бұл ойында Қазақстан 0:3 есебімен ұтылып қалды.
Жетістіктері "Восток" клубының тарихындағы үздік 10 мерген футболшының қатарында.
Сілтеме Руслан Дүзмәмбетов
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Восток ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Футбол төрешілері Санат:Қазақстан футбол төрешілері