Мембрана( — жарғақша) — серпімділік теориясында — контур бойымен бекітілген өте жұқа пленка. Оның перпендикуляр беттегі серпімділік модулының бағыты нөлге тең. техникада — жұқа пленка немесе пластинка (әдетте контур бойына бекітілген). Мембрана микрофондарда, манометрлерде, гидравлик. релелерде, тағы басқа пайдаланылады; биологияда — жасуша мембранасы; бірқатар музыкалық аспаптардағы (барабан, бубен, литавра, тағы басқа) дыбыс көзі: резонаторға керілген көн, синтетикалық пленка, тағы басқа.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 бүгілуі қалындығынан 5 есе және одан да артық болатын жұқа иілгіш пластина әдетте электрлі және механикалық тербелісіне және керісінше өзгерту үшін қолданылады.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Айрық беттер