Мемлекеттік Дума (, кейде қысқартылып ) — Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы атты парламентінің төменгі палатасы.

Ресей Думасы қазіргі 8-шақырылымының 450 депутаты 2021 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде сайланған, депутаттар арасында 6 түрлі саяси партияның өкілдері бар. Думаның 2016 жылдан бері төрағасы — «Біртұтас Ресей» мүшесі Вячеслав Володин.

Тарихы нобай|солға|Мәскеудегі Мемлекеттік дума ғимараты Дума сөзі Ежелгі Русь заманынан бері әртүрлі кеңесші және өкілді органдарға қатысты қолданылатын (мысалы боярлық дума). Ал Мемлекеттік Дума аталатын орган алғаш рет 1905 жылы бүкілресейлік заң шығарушы орган ретінде пайда болды. Ресей империясының Мемлекеттік думасы 1917 жылға дейін қызмет етіп, ақпан төңкерісінен кейін таратылды.

КСРО мен РКФСР-да жоғары заң шығарушы органның функциялары тиісінше КСРО Жоғарғы Кеңесіне (1937–1991) және РКФСР Жоғарғы Кеңесіне (1938–1993), ал 1989 жылдан бастап КСРО халық депутаттарының съезіне және Ресей халық депутаттарының съезіне жүктелді.

1993 жылғы қыркүйек-қазан оқиғаларының бастау нүктесі болған Президент Борис Ельциннің №1400 «Ресей Федерациясындағы конституциялық реформаны кезең-кезеңімен жүргізу туралы» Жарлығы Съезді және Жоғарғы Кеңесті таратып, жаңа парламент жасап, сайлау өткізуді қарастырды. Жоспар бойынша Мемлекеттік Дума осы жаңа парламенттің төменгі палатасы болатын еді.

Одан кейінгі оқиғалардың нәтижесінде 1993 жылы 12 желтоқсанда Ресейдің жаңа Конституциясы қабылданған референдуммен бір мезгілде I-шақырылымдағы Мемлекеттік Думаның сайлауы өтті. Конституция Федералдық Жиналыс палаталарының бірі ретінде Мемлекеттік Думаның мәртебесін қамтамасыз етті.

Құқығы Мемлекеттік Думаның Ресей Конституциясында бекітілген құқығы: Ресей премьер-министрін тағайындауға келісім беру; Ресей Үкіметінің жұмыс нәтижелері туралы, оның ішінде Мемлекеттік Дума көтерген мәселелер бойынша жыл сайынғы есептерін тыңдау; Ресей Федерациясының Үкіметіне вотум жасау; Ресей Орталық банкі төрағасын қызметке тағайындау және қызметінен босату; Есеп палатасы төрағасын және аудиторларының жартысын тағайындау және қызметтен босату; Федералдық конституциялық заңға сәйкес әрекет ететін Адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындау және қызметінен босату; Амнистия жариялау; Ресей президентіне импичмент жариялау (көпшіліктің үштен екісі қажет).

Санкциялануы 2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруі себебімен 2022 жылдың 24 наурызында Мемлекеттік дума депутаттарының 328-іне және Мемлекеттік Думаның өзіне АҚШ тарапынан санкциялар салынған еді.

Соңғы сайлау

+ РФ Думасы VIII-сайланым нәтижелеріcenter|350x350px Партия бір аудан бойынша бір-мандаттықокругтардажалпы Дауыс саны % +/- % % +/- Орындар +/- Орындар +/- % +/- % Біртұтас Ресей28 064 25849,82 % % %198 % % РФКП10 660 59918,93 % % %9 % % РЛДП4 252 0967,55 % % %2 % % Әділ Ресей4 201 7157,46 % % %8 % % Жаңа адамдар2 997 6765,32 % %130—1313 % Зейнеткерлер партиясы1 381 8902,45 % %0——0—0——— Яблоко753 2801,34 % %0——0—0——— Ресей Коммунистері715 6851,27 % %0——0—0——— «Жасылдар»512 4200,91 % %0——0—0——— Отан450 4370,80 % %0——11 % Бостандық және әділет431 5590,77 %0——0—0——— Жасыл альтернатива357 8550,64 %0——0—0——— Өсім партиясы291 4830,52 % %0——1111 % 0,22 % Азаматтық платформа86 9640,15 % %0——11 0,22 % Партиясыз5454 %0,89 % Жарамды бюллетеньдер 55 158 421 97,92 %0,21 % Жарамсыз бюллетеньдер 1 171 369 2,08 %0,21 % Жалпы саны 56 329 790100 %— 225 225— 225— 450—100 % — Сайлаушылардың жалпы саны және сайлауға қатысуы 109 204 319 51,68 % %

Дереккөздер

Санат:Мемлекет бойынша парламенттер