Мамлют ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының солтүстiк-батысында орналасқан әкімшілік бөлік. Аудан 1932 құрылған. Аудан аймағы 4,1 мың шаршы километр. Орталығы – Мамлют қаласы.
Географиялық орны, жер бедері Батысында облыстың Жамбыл, шығысында және оңтүстiк-шығысында Қызылжар, оңтүстiгiнде Есiл аудандарымен, солтүстiгiнде Ресей Федерациясының Қорған облысымен шектесiп, Батыс Сібір жазығының оңтүстігіндегі Есіл даласының орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда жер бедері негізінен жазық. Тек оңтүстік-батыс жағы көл қазаншұңқырларының көптігіне байланысты ойлы-қырлы болып келеді.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты айқын континенттік, қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың орташа ауа температурасы — 18°С, аса суық күндері –50°С-қа дейін төмендейді. Жазы қоңыржай, ыстық, шілдедегі орташа ауа температурасы 19°С, кейде 40 — 41°С-қа дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 300 мм. Мұнда 500-ге жуық көл бар, олардың 14-і ғана тұзды, қалғандары тұщы сулы. Жер қыртысы қара топырақты. Ауданның солтүстік жағын ормандар, оңтүстік-батысын астық тұқымдас шөптер жиі өсетін шоқ орманды дала белдемі алып жатыр. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, бұлғын, күзен, ақтышқан, ондатр, дала тышқандары, тұяқтылардан бұлан және елік, көлдерде қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, көл жағалай қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, ормандарда бүркіт, ителгі, кезқұйрық, қаршыға, т.б. мекендейді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 24532 28751 40813 33037 32660 29110 21369 17090 Тұрғындары 17 845 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар (58,35%), қазақтар (25,17%), татарлар (6,76%), немістер (3,60%), украиндар (2,14%), беларустар (0,72%), литвалықтар (0,40%), әзербайжандар (0,31%), поляктар (0,17%), чуваштар (0,18%), басқа ұлт өкілдері (2,19%).
Әкімшілік бөлінісі 33 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2009) Андреев ауылдық округі Андреевка ауылы 3 1121 Белов ауылдық округі Белое ауылы 4 1305 Бике ауылдық округі Бике ауылы 3 729 Воскресенов ауылдық округі Воскресеновка ауылы 3 1426 Дубровин ауылдық округі Дубровное ауылы 4 1725 Краснознамен ауылдық округі Краснознамённое ауылы 3 1498 Қызыләскер ауылдық округі Қызыләскер ауылы 3 867 Леденёв ауылдық округі Леденёво ауылы 2 792 Мамлют қалалық әкімдігі Мамлют қаласы 1 7478 Новомихайлов ауылдық округі Новомихайловка ауылы 4 2443 Пригородный ауылдық округі Покровка ауылы 1 1046 Станов ауылдық округі Афонькино ауылы 2 939
Экономикасы (2009 жылдың қорытындылары) Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 219 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 3 - iрi, 17 - орта, 199 - шағын кәсiпорындар. Олардан 93 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 125 - жеке меншiк, 1 - заңды тұлға шетел меншiгi нысанына жатады. Аудан облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 3,9%-ын өндiрген (9 338,7 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 1 370,6 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 2,0%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 108,0% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 962,2 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 109,2% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 4 629,4 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 28,7% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 2 172,4 млн.теңге құрады. Пайдалануға 3,2 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 13,9 мың адам жұмыс iстейдi.Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 24,4% өсiп, 40 315 теңгенi құрады. Нақты жалақы 16,2% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 686 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 530 теңге құрады.
Дереккөздер
Санат:Мамлют ауданы