Тимирязев ауданы — Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстiк-батыс бөлігінде орналасқан бөлінісі. Аудан 1963 жылы құрылған. Аудан аймағы 4,51 мың шаршы километр. Орталығы - Тимирязево ауылы, облыс орталығымен аралығы 236 км.
Географиялық орны Солтүстігінде Жамбыл, шығысында Шал ақын, оңтүстігінде Ғабит Мүсірепов аудандарымен, батысында Қостанай облысының Ұзынкөл, Қарасу аудандарымен шектеседі.
Тарихы Тимирязев ауданы 1963 жылы 2 қаңтарда құрылды. Сулы ауылы орталығы болып, 12 ауылдық кеңес кірді: Қостанай облысы Пресногорьков ауданының Мичурин, Хмельницкий; Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданының Ақсуат, Дос, Интернациональный, Ишим, Комсомол, Москворецк және Целинный; Преснов ауданының Северный; Көкшетау облысы Рузаев ауданының Ленин және Мичурин ауылдық кеңестері.
1963 жылы 24 шілдеде Тимирязев ауданының ауылдық кеңестерінің атауы өзгертілді: Ақсуат ауылдық кеңесі — Дзержинский, Дос — Степной, Мичурин — Целинный, Северный — Докучаев, Целинный — Тимирязев ауылдық кеңесі болды.
1971 жылы аудан орталығы Сулы ауылы Тимирязево ауылымен біріктірілді.
1974 жылы Приозёрный, 1976 жылы Дмитриев, 1978 жылы Белоградов, 1979 жылы Ақсуат ауылдық кеңестері құрылды.
1980 жылы 17 қазанда Тимирязев ауданының Ақсуат, Белоградов, Дзержинский, Интернациональный, Ишим, Ленин, Мичурин ауылдық кеңестері жаңадан құрылған Целинный ауданына (орталығы Ақсуат станциясы) берілді.
1988 жылы 9 шілдеде Целинный ауданы таратылып, Ақсуат, Белоградов, Дзержинский, Ишим, Ленин, Мичурин ауылдық кеңестері Тимирязев ауданына қайтарылды.
1994 жылы 12 қаңтарда бұрынғы ауылдық кеңестер шекарасында ауылдық округтер құрылды.
1997 жылы 12 ақпанда Интернациональный ауылдық округі Степной ауылдық округіне, Белоградов ауылдық округі Мичурин ауылдық округіне қосылды.
2001 жылы 12 қазанда Интернациональный, Белоградов ауылдық округтері қайта құрылды.
2003 жылы 27 наурызда Приозёрный ауылдық округі Ақжан ауылдық округі болып өзгертілді.Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының тарихы бойынша анықтама (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2007 ж.)
2009 жылы 14 қазанда Ишим ауылдық округі Есіл, Степной ауылдық округі Құртай болып өзгертілді.Солтүстік Қазақстан облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтері атауларының транскрипциясын өзгерту және қайта атау туралы
Климаты, жер бедері Климаты тым континенттік. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы –18°С, шілдеде 20°С. Аудан орман зонасында орналасқан. Жердiң үстiңгi қабаты қара топырақ. Аумағында 10 көл бар, олардың көлемi 85,5 м2. Москворецк ауылдық округінiң аумағында аудандағы ең үлкен көл Қақ көлi (37,5 м2) орналасқан.
Халқы 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 23579 21846 24496 20081 13978 10600 Тұрғындары 11 290 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (36,86%), орыстар (45,46%), украиндар (5,46%), немістер (2,59%), татарлар (1,82%), беларустар (1,71%), әзербайжандар (0,18%), башқұрттар (0,54%), чуваштар (0,50%), поляктар (0,47%), литвалықтар (0,40%), басқа ұлт өкілдері (2,49%).
Әкімшілік бөлінісі 20 елді мекен 16 ауылдық округке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2009) Ақжан ауылдық округі Ақжан ауылы 1 511 Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылы 1 1099 Белоградов ауылдық округі Белоградовка ауылы 1 442 Дзержинский ауылдық округі Дзержинское ауылы 1 339 Дмитриев ауылдық округі Дмитриевка ауылы 3 1410 Докучаев ауылдық округі Докучаево ауылы 1 811 Есіл ауылдық округі Есіл ауылы 1 374 Интернациональный ауылдық округі Дружба ауылы 1 372 Комсомол ауылдық округі Комсомольское ауылы 1 567 Құртай ауылдық округі Степное ауылы 2 778 Ленин ауылдық округі Ленинское ауылы 1 477 Мичурин ауылдық округі Мичурино ауылы 1 541 Москворецк ауылдық округі Москворецкое ауылы 1 682 Тимирязев ауылдық округі Тимирязево ауылы 2 4667 Хмельницкий ауылдық округі Хмельницкое ауылы 1 576 Целинный ауылдық округі Целинное ауылы 1 332
Ірі елді мекендері Атауы Халқы (2009) Тимирязево 4601 Ақсуат 1099 Докучаево 769 Дмитриевка 709 Степное 687 Москворецкое 682 Хмельницкое 576 Комсомольское 567 Мичурино 541 Жарқын 526
Аудан экономикасы (2009 жылдың қорытындылары) Жалпы білім беретін 26 мектеп, 1 кәсіптік-тех. мектеп, 9 клуб, 22 кітапхана бар. Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға 190 кәсiпорын тiркелген, оның iшiнде 1 - iрi, 10 - орта, 179 - шағын кәсiпорындар. Олардан 97 заңды тұлға мемлекеттiк меншiк нысанына, 93 - жеке меншiк нысанына жатады. Ауданда облыстың ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң 5,2%-ы өндiрiлген (12 499,1 млн.теңге). Өнеркәсiп кәсiпорындарымен (қаржылық емес корпорация секторы) 512,8 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, облыстағы үлесi 0,7%. Өнеркәсiп өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 101,9% құрайды. Бөлшек тауарайналымының көлемi (қоғамдық тамақтандырусыз) 251,6 млн.теңге сомасын құрайды. Тауарайналымның физикалық көлемiнiң индексi 79,8% құрады. 2009 жылдың басына аудан кәсiпорындарының негiзгi құрал-жабдықтары 8 002,7 млн.теңге сомасын құрап, тозу деңгейi 19,1% болды. Негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi 2 172,4 млн.теңге құрады. Пайдалануға 1,5 мың шаршы метр тұрғын үй берiлдi. Ауданның экономикасында 9,6 мың адам жұмыс iстейдi. Орташа айлық жалақы (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпорындарсыз) өткен жылмен салыстырғанда 14,8% өсiп, 36 363 теңгенi құрады. Нақты жалақы 7,3% өстi. Орташа жан басына шағып есептегенде атаулы ақшалай табыс 25 987 теңге құрады. Орташа жан басына шаққандағы күн көрiстiң ең төменгi деңгейiнiң шамасы жыл аяғына 11 820 теңге құрады.
Дереккөздер
Санат:Тимирязев ауданы