Тирания - мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі. Тирания - [ ] - Ежелгі Грекияда әдетте күш қолдану арқылы орнатылған, тиранның бір өзі билеп-төстеуіне негізделген билік және басқару түрі. Тирания б.д.д. VII-VI ғасырларда текті ақсүйектер мен дамып келе жатқан демос арасындағы күрес нәтижесінде пайда болды. Тиран қоғамның қалыпты өмір сүруі үшін бір-бірімен бітіспес қайшылықтағы күштерді ымыраластыру қажеттігінен туындады. Көпшілік тирандардың әлеуметтік және саяси, қоғамдық реформалары демостың жағдайын түзеуге, жақсартуға бағытталды. Қазіргі қолданыстағы "тирания" ұғымы ауыспалы мағынасында, деспотияға негізделген басқаруды білдіреді.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Дереккөздер
Санат:Саясат