"Қызыл көтерілу" - теңіз көтерілуі кезінде оның кең көлемді жағалық бөлігінде фитопланктондар (оның ішінде диатомдар, көк-жасыл балдырлар және хлорофилі бар талшықтылар) санының тым көбейіп кетуінің салдарынан судың қызыл түске айналу процесі. Мысалы, Қызыл теңіздің атауы осындай құбылысқа сәйкес қойылған. " Қызыл көтерілу " еріген оттектің күрт азайып, балықтар мен омыртқасыздардың жаппай қырылуына себепші болады.

Қызыл қар right|thumb| alt=A.|230 px|"Қызыл қар" Қызыл қар - биік таулар мен полюсаралық аймақтарда (Греплапдияда) қардың үстіңгі қабатында Сһlamydomonas nivalis балдырының әсерінен қызыл түске айналған қар.

Қызыл орман Қызыл орман - қылқан жапырақты ағаштардан, негізінен, қарағайлардан тұратын ормандар; шоқ қарағай деген мағынаны білдіреді. Термин қарағай кабығының қызыл сары түсті болуына орай пайда болуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер

Санат:Қар Санат:Альгология