Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев (1961 жылы 3 қыркүйекте Шымкент облысы (Түркістан облысы), Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында туғанОНГАРБАЕВ Еркин Ануарович. centrasia.org. ) — Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының судьясы, қазақстандық ғалым-құқықтанушы, қазақстандық жоғары білім мен ғылымының көрнекті қайраткері. Ресейдің заң ғылымдарының докторы (1999 жыл), Қазақстанның заң ғылымдарының докторы (2000 жыл), профессор (2002 жыл), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі (2007 жыл), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2011 жыл), Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі (2019 жыл)Члены КазНАЕН . Казахстанская национальная академия естественных наук., Қазақстанның құрметті заңгері (2020)Награждение медалью «Почетный юрист». Республиканское общественное объединение "Казахстанский союз юристов" (28 августа 2020) .
Өмірбаяны 1961 жылғы 3 қыркүйекте Шымкент облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Шымкент облысының Шымкент қаласының С.М. Киров атындағы №9 орта мектепті бітірген. Оны бітіргеннен кейін 1980 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы болып, 1984 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша диплом алып шықты. 1987 жылдан бастап КСРО ІІМ Мәскеу жоғары мектебінің (МЖМ) қылмыстық құқық кафедрасының адъюнкті болды (Мәскеу қ.). ІІМ МЖМ 1990 жылы бітірді. 1990 жылы (Мәскеу қ.) заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Қылмыстардың жіктелуі және оның қылмыстық-құқықтық маңызы» тақырыбында диссертация қорғады. Заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 1999 жылы Ресей Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтында (Мәскеу қ.) «Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы бойынша қылмыстарды жіктеудің теориялық мәселелері» атты тақырыпта диссертациясын қорғады. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.
Қоғамға қосқан үлесі Жоғары білім мен ғылым саласында ол қашықтан оқыту технологияларының инновациялық әдістерін дәстүрлі білім беру қағидаттарымен ұштастыра отырып енгізді. Соның нәтижесінде 2020 жылғы ұзаққа созылған дағдарыс кезеңінде жоғары оқу орнының даму деңгейі жаңа сатыға көтерілді.https://bilimdinews.kz/?p=113223#:~:text=%D0%9F%D1%80%D0%B8%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%20%D0%B2%20%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%B1%D0%BD%D0%BE%D0%BC%20%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%86%D0%B5%D1%81%D1%81%D0%B5%20%D0%B8%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D1%85%20%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D0%B9%20%E2%80%93,edu.enu.kz%2C%20mooc.enu.kz%2C%20moodle.enu.kz%2C%20%D1%81%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B6%D0%B0%D1%89%D0%B8%D0%B5%20%D1%86%D0%B8%D1%84%D1%80%D0%BE%D0%B2%D1%8B%D0%B5%20%D0%BE%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5%20%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%83%D1%80%D1%81%D1%8B
Е. Ә. Оңғарбаевтың ғылыми зерттеулері Қазақстан Республикасының конституциялық дамуы мәселелеріне арналған. Оның еңбектерінде Конституцияның заңдылықты, құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі талданады, сондай-ақ онда бекітілген өмір сүру құқығы өлім жазасын жою контекстінде зерттеледі.https://kazpravda.kz/n/verhovenstvo-konstitutsii-fundamentalnaya-osnova-dlya-realizatsii-printsipa-zakon-i-poryadok/
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы қызметін атқарған кезеңде «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңын әзірлеуге қатысып, онда елдегі ғылыми қызметті ұйымдастырудың жаңа тәсілдері, соның ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды реттеу мәселелері бекітілді.https://zakon.uchet.kz/rus/docs/R090000138_
2017–2018 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы қызметін атқару барысында діни саланы реттейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бастамалар мен әзірлемелерге қатысып, экстремистік насихатқа қарсы іс-қимыл жасау және осы саладағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.https://ctc-rk.kz/%D0%BF%D1%80%D0%B5%D0%B4%D1%81%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C-%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82%D0%B0-%D0%BF%D0%BE-%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D0%B0%D0%BC-%D1%80%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D0%B3.html
«Отандастар» ҚҚ АҚ қызмет еткен кезеңде шетелдегі қандастарға қолдау көрсету, олардың мәртебесін арттыру және қазақ диаспорасымен байланыс орнату мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіруге ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысты.https://oq.gov.kz/ru/news/52-otandastar-qory-keaq-qyzmetkerlerininh-izrail-memleketine-issapary-turaly#:~:text=%D0%B3%D0%BE%D1%81%D1%83%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B9%20%D0%BF%D0%BE%D0%B4%D0%B4%D0%B5%D1%80%D0%B6%D0%BA%D0%B5%20%D1%81%D0%BE%D0%BE%D1%82%D0%B5%D1%87%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2%20%D0%B7%D0%B0%20%D1%80%D1%83%D0%B1%D0%B5%D0%B6%D0%BE%D0%BC%C2%BB%2C%20%D0%BF%D1%80%D0%BE%D0%B5%D0%BA%D1%82%20%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%86%D0%B5%D0%BF%D1%86%D0%B8%D0%B8,%D0%B7%D0%B0%20%D1%80%D1%83%D0%B1%D0%B5%D0%B6%D0%BE%D0%BC%20%D0%B8%20%D1%80%D0%B5%D0%BF%D0%B0%D1%82%D1%80%D0%B8%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%B8%20%D0%BD%D0%B0%202020%2D2030%20%D0%B3%D0%B3.).
Е. Ә. Оңғарбаев жоғары құқықтық білім беру мен құқықтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты, соның ішінде елдегі жетекші жоғары оқу орындарының — Қазақ гуманитарлық құқық университеті мен ҚР Бас прокуратурасындағы Құқық қорғау органдары Академиясының құрылуына қатыстырылды.
Сонымен қатар ол заңдылықты нығайту және заңнаманы жетілдіру жұмыстарына қатысып, бірнеше заңдар мен концепциялар жобаларының авторларының бірі болды, оның ішінде: «Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шетелдегі отандастарға мемлекеттік қолдау көрсету туралы» заңдар және 2020–2030 жылдарға арналған шетелдегі қазақ диаспорасын қолдау және репатриация мемлекеттік бағдарламасының концепциясы.https://kazpravda.kz/n/vazhnyy-faktor-postupatelnogo-razvitiya-strany/
2022 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындау бойынша жұмыс тобының құрамына кіріп, олардың мазмұнын жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарына қатысты.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2200000142
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы №1157 Жарлығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды. Осы Жарлыққа сәйкес Е.Ә. Оңғарбаев Комиссия құрамына енді. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2600001157
Еңбек қызметінің тізілімі 1984-1996 жылдары комсомол комитетінің хатшысы, оқытушы, аға оқытушы, доцент, Қарағанды жоғары мектебінің бөлім бастығы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы. 1997-1999 - Қарағанды жоғары мектебі бастығының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқу орындары басқармасының бастығы. 2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі. 2007-2010 - Қазақ гуманитарлық заң университетінің проректоры, бірінші проректоры, вице-президенті. 2007-2010 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы. 2010-2011 - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі. 2011-2012 - «Астана» университетінің ректоры. 2013-2014 жылдары - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің деканы. 2014-2015 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры. 2015-2016 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының бірінші проректоры. 2017Еркин Онгарбаев назначен председателем Комитета по делам религий -2018 Еркин Онгарбаев освобожден от должности председателя Комитета по делам религий МДРГО ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы. 2019-2020 – «Отандастар қоры» КеАҚ басқарушы директоры Онгарбаев Еркин Ануарович (персональная справка) Параграф Онлайн.. 2020-2022 - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректорПроректоры . www.enu.kz.. 2023-2026 жылдары - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы
Академиялық және құрметті атақтары 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі болып сайланды. 2019 жылы Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі болып сайланды. 2021 жылдан «Bolashak» Академиясының құрметті профессоры. 2021 жылдан ҚР ІІМ Қарағанды Академиясының құрметті профессоры. 2022 жылдан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры. 2023 жылдан Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құрметті профессоры. 2023 жылдан бастап Орталық Қазақстан академиясының құрметті профессоры. 2023 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚУ - дың құрметті профессоры. 2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры. 2025 жылдан бастап Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры. 2026 жылдан бастап Шәкәрім атындағы университетінің құрметті профессоры.
Отбасы Үйленген, үш баласы, екі немересі бар.
Наградалары мен атақтары Мемлекеттік наградалар «Құрмет» ордені (2006); «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» (2011); «Парасат» ордені (2021); Мерейтойлық медальдар – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астанаға 10 жыл» (2007), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015), «Астанаға 20 жыл» (2018), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020) Заседание Ученого совета №1 в онлайн-формате www.enu.kz (03.09.2020) «Астана» естелік медалі (2006) «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалі (2025) «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалі (2026) 3-дәрежелі «Барыс» ордені (2026)
Төсбелгілер «ҚР білім саласының құрметті қызметкері» (2004) «Қазақстан Республикасы ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2006) «Ы. Алтынсарин» (2008) «Мемлекеттік қызмет үздігі» (2018) «Қазақстанның құрметті заңгері» (2020) Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік" жоғары марапаты (2021); ҚР Судьялар одағының "Жеті жарғы"құрмет белгісі (2021); «Алтын Барыс» (2022); «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі (2024); «Қаныш Сәтбаев» төсбелгісі. «ІІМ-нің құрметті ардагері» төсбелгісі (2026).
Министрлік, ведомства, қоғамдық ұйым наградалары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті заң факультетіне 15 жыл» медалі (2014) Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті білім және ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін «Лев Гумилев» медалі (2015) «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне 20 жыл» (2016) «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті заң факультетіне 20 жыл» (2019) Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті білім және ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін «Күлтегін» медалі (2020) «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне 25 жыл» (2021) «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне 30 жыл» (2026)
Тағы басқа «За 10 лет безупречной службы» (1990) «ҚР ҰҚК академиясына 25 жыл» медалі (1999) «60 лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» естелік мерейтойлық медалі (2005) «90 лет со дня рождения Ю.В.Андропова» медалі (2006) «50 лет НИСХИ МСХ СССР – НИИПББ НЦБ МОН РК» медалі (2008) «Академик А.И. Бараевтың туғанына 100 жыл» естелік медалі (2008) «КАЗГЮУ-ге 15 жыл» медалі (2009)