Башқұртстан фаунасында — бір клеткалы организмдердің 120 түрі, құрттардың 700-ге жуық түрі, 121 - моллюскалар, 5000-ға жуық - буынаяқтылар, 47 - балықтар, 10 - қосмекенділер, 10 - бауырымен жорғалаушылар, 296 - құстар, 76 - сүтқоректілер түрлері анықталды. Түрлер мен даралардың саны бойынша омыртқасыздар тіршіліктің барлық орталарында басым және табиғи биоценоздарда маңызды рөл атқарады.https://www.med02.ru/priroda-bashkirii/21-zhivotnyj-mir/255-zhivotnyj-mir-bashkortostana Животный мир Башкортостана

Башқұртстан жануарлары Башқұртстан Республикасында үш табиғи аймақ бар: орман, орманды дала және дала. Ормандар, әдетте, өте алуан түрлі, қылқан жапырақты, жапырақты және аралас болады. Өңірде 12 мыңнан астам өзен мен 2700-ге жуық көл бар. Үш қорық (Башқұрт, Оңтүстік Орал және Шульган-Таш), Башкирия ұлттық паркі, 5 табиғи саябақ бар. Сондай-ақ қорықтар, және басқа да қорғау аймақтары бар. Осының арқасында жануарлардың түрлерінің әртүрлілігі жақсы сақталған.https://eifs.ru/zhivotnyy-mir-i-osnovnye-predstaviteli-bashkirii/ Животный мир и основные представители башкирии

Сүтқоректілер

Башқұртстанда сүтқоректілердің жетпістен астам түрі бар. Олардың арасында сирек кездесетіндер де, сонымен қатар өте кең тараған түрлері де бар. Ормандарда қоңыр аюлар, қасқырлар, түлкілер, сілеусіндер тіршілік етеді. Мұнда бұландар мен еліктер, тиіндер мен ұшатын тиін, қояндар кең таралған. 1940 жылы башқұрт қорығында маралдың алтайлық кіші түрлері бейімдендірілді. Олардың популяциясының көп бөлігі қорықта тұрады, бірақ одан тыс жерлерде көптеген маралдар кездеседі. Суларда, тоғандарда құндыз, сутышқан, су жертесері, кәмшат сонымен қатар сирек кездесетін жұпартышқан мекендейді. Жиырмасыншы жылдары, мұнда ондатра бейімдендірілді - ал қазір ол бағалы аңға айналды. Үңгірлерден көптеген жарқанаттарды табуға болады - жарқанаттардың он екі түрі бар.https://basharchive.ru/blog/zhivotnye-bashkirii/ Животные Башкирии

Құстар

Башқұртстандағы құстар әлемі тұрақты немесе сирек ұя салатын 200-ден астам түрден тұрады. Сонымен қатар, олардың 43 түрі көктемгі және күзгі қоныс аударулар кезінде кездеседі, ал 29-ы басқа аймақтардан қоныс аударушылар қатарына енеді. Республиканың ормандарында торғайтәрізділер отрядының өкілдері жиі кездеседі. Көптеген сирек және пайдалы орман құстары қорғауды қажет етеді. Республиканың Қызыл кітабына енген 43 құс түрінің 15-і орман түрлеріне жатады.http://www.protown.ru/russia/obl/articles/3837.html Животные Республики Башкортостан Башқұртстан кеңістігінде құстардың арасында көгершіндер, үкілер, көкектер, тоқылдақтар, меңіреу құрлар, балшықшылар, бүркіттер, құладындар, қаршыға т.б.кездеседі.https://petmypet.ru/2348-bashkortostan-nature.html Башқұртстан табиғаты

Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар Башқұртстанда қосмекенділердің 10 түрі тіршілік етеді. Ормандар мен шалғындарда сүйіртұмсық бақа және шөпбақалар, республиканың су айдындары

және олардың жағалауларында қызыл бауыр шұбар бақа, көлбақа, тоған бақалары мекендейді, ауылшаруашылық алқаптары мен бақтарында жасыл құрбақа, сұр бақа және қосмекенділердің басқа түрлері кездеседі. Тритон, тоған және шөпбақалар Башқұртстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Республика аумағында бауырымен жорғалаушылардың 10 -нан астам түрі тіршілік етеді. Оның ішінде батпақ тасбақасы, кесірткелердің 3 түрі - ұршықсап кесірткелер, тірі туатын кесіртке және секіргіш кесіртке, сондай-ақ жыландардың 6 түрі -кәдімгі гадюка, дала жыланы, кәдімгі медянка, өрнекті жылан, су жылан, кәдімгі сарыбас жылан кездеседі. Дала жыланы мен өрнекті жылан Башқұртстанның оңтүстік аймақтарында ғана кездеседі. Ұршықсап кесірткелер орманды және орманды дала аймақтарында тіршілік етеді. Батпақ тасбақасы республиканың оңтүстік аймақтарының су айдындарын мекендейді: (). Батпақ тасбақасы баяу ағып жатқан және тұрып қалған су айдындарында өмір сүреді.

Башқұртстанның Қызыл кітабына сирек кездесетін аяқсыз кесіртке - ұршықсап кесірткелер, кәдімгі әбжылан, су жылан, өрнекті жылан, дала әбжыланы, батпақ тасбақасы кіреді.https://media-inform.com/4775601/1/fauna-bashkortostana.html Фауна Башкортостана

Балықтар

Башқұртстанда 9 отрядқа жататын сүйекті балықтар класының өкілдері мекендейді. Балықтардың 47 түрі тіркелген, оның 13-і Башқұртстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың ішінде негізінен: бекіретәрізділерден - стерлядь және бекіре, албырт балық тәрізділерден - таймен, кумжа, қарауыз кездеседі. Тұқытәрізділерден 27 түрі таралаған. Олардың ішінде: табан балық, шегірбалық, балпан балық, құсбас, ақ қайран, оңғақ мекендейді. Алабұға тәрізділерден - өзен алабұғасы, таутандар, көксерке тәрізді түрлері белгілі.https://ufa-gid.com/encyclopedia/ryby.html ЭНЦИКЛОПЕДИЯ БАШКИРИИ → РЫБЫ

Белая және Уфа өзендерінде торта балық, қызылқанат балық, ақ қайран, ақмарқа, құсбас, табан балық, балпан балық және сиректеу қылыш балық кездеседі.Источник: POSREDI.RU - https://posredi.ru/enc_j_jivotnii_mir_ufa.html Животный мир Уфы – Уфа от А до Я

Дереккөздер

Санат:Елдер бойынша фауна Санат:Ресей фаунасы Санат:Башқұртстан географиясы