Орталық стадионОрналасуыӨтеген батыр кенті Сыйымдылығы2500 ИесіӨтеген батырКомандасыІле-Сәулет Орталық стадион (толық аты: Өтеген батыр атындағы орталық стадион) — Алматы облысы, Өтеген батыр кентінде салынған футбол алаңы. Сыйымдылығы 2500 адам.

2007-13 жылдары Қазақстан бірінші лигасында ойнаған "Іле-Сәулет" клубы өз алаңындағы матчтарын өткізген. Стадионның үш құбыласы ашық, көрермендерге арналған трибуна батыс жағына тұрғызылған. Стадионның жанында жаздық бассейн салынған.

Стадион Іле трактісі бойына жақын жердегі Титов көшесінің бас жағында, Кіші Алматы өзеніне жақын жерде орналасқан.

Санат:Қазақстан стадиондары Санат:Стадиондар