Қарасай стадионыОрналасуыПетропавлСалынған1967 жылАшылған1967 жыл Қайта өңдеуден өткені2010 жылСыйымдылығы11 000ИесіПетропавл қалалық әкімдігіКомандасыҚызылжар, Авангард Қарасай стадионы — Петропавл қаласында орналасқан футбол аренасы. Іргесі 1967 жылы қаланған. Сыйымдылығы 11 мың адам. Бұрынғы атауы — "Авангард".

"Қызылжар" футбол клубы өз алаңындағы кездесулерін өткізеді. 2006-08 жылдары Петропавлдағы тағы бір футбол клубы — "Авангард" та осы алаңда бірнеше кездесу өткізді.

Көрермендерге арналған трибуна шығыс және батыс қапталында ғана. Оңтүстік және солтүстік жиектері ашық. Айналасында жүгіру жолдары бар.

Қыс мезгілінде стадионда мұз айдындары іске қосылады.

Сілтемелер

Стадиондағы мұз айдыны Рутравеллер сайтында

Санат:Стадиондар Санат:Қазақстан стадиондары