Молдова Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Молдованың намысын қорғайтын құрама. Басқарушы орган - Молдова Футбол Федерациясы.

Тарихы Кеңес Одағы тарқаған соң ғана құрылды. Бірақ әзірге әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысқан емес. Ең жақсы нәтижесін ӘЧ-2014 іріктеу турнирінде көрсетті. Бұл циклде 10 кездесуде 11 ұпай жинады. Алғашқы матчын 1991 жылы 2 шілдеде Кишинёвте Грузияға қарсы өткізіп, 2:4 есебімен ұтылып қалды.

2008 жылы ФИФА рейтингінде 37-орынға көтерілді. Бұл әзірше тарихтағы ең жоғарғы көрсеткіш. Ал 2018 жылғы 18 қаңтардағы есептеу бойынша 166-ші орында.

Ірі турнирлерде

Әлем чемпионаты

1930 — 1990 - қатыспады, КСРО құрамында болды 1994 - қатыспады 1998 — 2018 - іріктеуден өте алмады

Еуропа чемпионаты

1960 — 1988 - қатыспады, КСРО құрамында болды 1992 - қатыспады, молдовалық футболшылар ТМД құрамасында болды 1996 — 2020 - іріктеуден өте алмады

Жаттықтырушылары ЖылдарБапкер1991—1992Ион Карас1992Евгений Пиуновский1992—1997Ион Карас1998—1999Иван Данильянц1999—2001Александр Мацюра2001Александр Спиридон2002—2006Виктор Пасулько2006—2007Анатолий Теслев2007—2009Игорь Добровольский2010—2011Габи Балинт2012—2014Ион Карас2014—2015Александр Куртиян2015Штефан Стойка2015—2017Игорь Добровольский2018—2019Александр Спиридон2019—Семен Альтман

Дереккөздер

Молдова құрамасының арнайы сайты Сілтемелер ФИФА сайтында www.fotbal.md 1991 жылдан бергі барлық матчтары

Санат:Молдова Ұлттық футбол құрамасы