1958 жылғы әлем чемпионатының шешуші матчы. Бразилия құрамасы Швецияны 5:2 есебімен ұтып, бірінші рет әлем чемпионы атанды.
Фактілер
Тарихта бірінші рет чемпионатты ұйымдастырған құрлық өкілдері чемпион атана алмады. Пеленің үшінші голы кейін әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік голдардың ондығына енді. Сол қапталдан асырылған допты кеудесімен тоқтатты да, алдынан шыққан қорғаушының үстінен асыра салды. Өзі де айналып өтіп, допты жерге түсірмей қақпаға дәл бағыттады. Матчқа 50-жылдары Швеция құрамасының үздік триосы саналған Гре-Но-Ли үштігінің екі өкілі - Гуннар Грен (Гре) мен Нильс Лидхольм (Ли) қатысты. Үштіктің тағы бір өкілі - Гуннар Нордаль ұлттық құрамамен әлдеқашан қоштасып кеткен-ді. 2016 жылы түсірілген режиссерлер Джефф Цимбалист пен Майкл Цимбалистің "Пеле туралы аңыз" фильмінде осы финалдық матч жайлы эпизодтар фильмнің кульминациялық нүктесі ретінде көрсетілген.
Матч Детальдар
ққ 3 Жилмар қр 4 Джалма Сантос қр 2 Илдералду Беллини (к) қр 12 Нилтон Сантос жқ 19 Зито жқ 15 Орландо шб 11 Гарринча шб 6 Диди шб 10 Пеле шб 7 Марио Загалло жқ 20 ВаваБапкер: Висенте Феола300px ққ 1 Калле Свенссон қр 15 Рейно Берьессон қр 3 Свен Аксбом қр 2 Урвар Бергмарк жқ 6 Сигге Парлинг жқ 14 Бенгт Густавссон жқ 7 Курт Хамрин жқ 4 Нильс Лидхольм (к) шб 8 Гуннар Грен шб 11 Леннарт Скоглунд шб 9 Агне СимонссонБапкер: Джордж Рейнор
Матчтың статистикасы
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Футболдан 1958 жылғы әлем біріншілігі Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Швеция Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары