Катар Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Катардың атынан сыға түсетін құрама. Басқарушы орган - Катар Футбол Қауымдастығы. АФК және ФИФА мүшесі. 2019 жылғы Азия чемпионы.
Тарихы Ешқашан әлем чемпионатына қатыспаған, бірақ 2022 жылғы әлем чемпионатына ұйымдастырушы ретінде қатысады.
Азия чемпионатына 10 рет қатысқан. Екі рет (2000, 2011) ширек финалға жеткен. Ең жоғарғы табысы — 2019 жылғы Азия кубогындағы алтын жүлдесі. 2019 жылғы Азия кубогында финалда испандық бапкер Феликс Санчестің шәкірттері Жапонияны 3:1 есебімен ұтып, тұңғыш рет Азия чемпионы атанды. Бұл турнирде Катар құрамасының футболшысы Алмоез Али үздік мерген атанды.
1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында ширек финалға дейін жеткен.
Екі рет - 1992, 2004 жылдары Парсы шығанағы кубогында жеңімпаз атанды.
2006 жылғы Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды. Азия кубогы Ливан-2000 С тобы
1/4 финал
Катар-2011 А тобы
1/4 финал
БАӘ-2019
Е тобы
1/8 финал
1/4 финал
Жартылай финал
Финал
Сілтемелер
Санат:Катар Ұлттық футбол құрамасы