Қытай Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол турнирлерінде Қытайдың атынан сынға түсетін құрама. Басқарушы орган — Қытай Футбол Қауымдастығы. АФК және ФИФА мүшесі. 2002 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.
Жетістіктері Азия кубогының күміс жүлдегері (2): 1984, 2004 Азия кубогының қола жүлдегері (2): 1976, 1992 Азия ойындарының күміс жүлдегері (1): 1994 Азия ойындарының қола жүлдегері (2): 1978, 1998 Әлем чемпионатының қатысушысы: 2002 Азия кубогы Азия чемпионатына 11 рет қатысқан. Алғаш рет 1976 жылы қатысып, жартылай финалға дейін жетті. Жартылай финалда Иранмен 90 минут бойы тең айқасып, қосымша таймдарда екі доп жіберіп алды - 0:2. Үшінші орын үшін ойында Иракты 1:0 есебімен ұтты. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды Ху Чайоу соқты.
1984 жылғы Азия чемпионатында финалға жетіп, Сауд Арабиясынан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Осы табысын 2004 жылы қайталады. Өз алаңында өткен чемпионатта финалда Жапонияға есе жіберді - 1:3.
2017 жылы Аустралияда өткен әзірше соңғы турнирде 1/4 финалда алаң иелерінен 0:2 есебімен ұтылып қалды. Азия кубогы-1984. Финал
Азия кубогы-2004. Финал
Әлем чемпионаты-2002 2002 жылы тұңғыш рет Әлем чемпионатына қатысып, Түркия, Бразилия, Коста-Рика футболшыларымен "С" тобында ойнады. Үш ойында 9 гол жіберіп, өздері бір доп та енгізе алмады. Нәтижесінде бір ұпай да олжалай алмай, соңғы орында қалды. Кейін Бразилия алтын жүлдені, Түркия қола жүлдені иемденді.
С тобы
Санат:Қытай Ұлттық футбол құрамасы