Олег Юрьевич Капустников - (1972 жылы 5 мамырда дүниеге келген) қазақстандық футболшы. Қазақстан, Украина, Ресейдің жоғары топтарында ойнаған.
Өмірбаяны Карьерасын 1989 жылы Шымкенттің "Мелиораторында" бастады. Келесі жылдан екі маусымдай Түркістанның "Монтажник" клубында доп тепті. 1992-94 жылдары СКИФ-Ордабасы клубында өнер көрсетіп, 1994 жылы Украинаға барды. Запороженің "Металлургында" жеті матчта алаңға шықты. Келесі маусымда ресейлік клуб - "Камазға" ауысып, бір жылдан соң украинаға қайта оралды. Липецкінің "Металлургінде" бір матчта да алаңға шықпай, 1996 жылы "Тараз" клубына ауысты.
Ұлттық құрамадағы алғашқы матчын 1992 жылы 16 шілдеде Өзбекстан құрамасына қарсы өткізді. 1994 жылы 11 сәуірде Ташкентте Тәжікстанның қақпасына өзінің құрама сапындағы жалғыз голын енгізді. Құрама сапында барлығы 7 матч өткізген.
Басқа да деректер 1992 жылы Қазақстан чемпионатындағы үздік 33 футболшының қатарына енді.
Статистикасы 1990 Мелиоратор (Шымкент)9 (0)1990—1991 Монтажник41 (15)1992—1994 СКИФ-Арсенал/СКИФ-Ордабасы87 (35)1994—1995 Металлург (Запорожье)7 (0)1995 КАМАЗ5 (0)1996 Металлург (Липецк)0 (0)1996 Тараз16 (2)2000 Достық11 (0)2000—2001 Звезда (Иркутск)30 (2)2002 Энергис (Иркутск)2006 Динамо (Иркутск)
Сыртқы сілтемелер
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:5 мамырда туғандар Санат:Жігер ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Түркістан ФК ойыншылары Санат:Достық Алматы ФК ойыншылары Санат:Металлург Запорожье ФК ойыншылары Санат:Металлург Липецк ФК ойыншылары Санат:СКИФ-Ордабасы ФК ойыншылары