Джордж Дьюи Кьюкор немесе Джордж Цукор (; 1899 ж. 7 шілде — 1983 ж. 24 қаңтар) — американдық кинорежиссёр жəне сценарист. Оның «Сегіздегі түскі ас», «Филадельфиялық оқиға», «Газды жарық», «Адамның қабырғасы» жəне «Менің керемет аруым» (1964 ж., ең үздік режуссуралық қызметі үшін «Оскар» сыйлығын алды) секілді фильмдері Голливудтың алтын қорына енген.
Өмірбаяны Нью-Йоркте Венгриядан шыққан еврейлер отбасында дүниеге келген. Қатардағы солдат ретінде екі Дүниежүзілік соғыс майданында шайқасты. 1920 жылдан бастап Бродвей театрында еңбек етті, ал 1928 жылы Голливудқа көшіп келді. 1930 жылдары атақты продюсер Дэвид Селзниктің қол астында еуропалық классиканың желісі бойынша фильмдер түсірумен айналысты. Сельзниктің жоспары бойынша дəл Кьюкор «Жел айдағандар» шығармасының желісі бойынша фильм түсіруі керек болатын. Алайда, түсірілімнің басталуына аз уақыт қалған кезде ол жобадан шығып кетті.
Кьюкор актерлармен адал жұмыс істейтін. Бұны оның фильмдеріндегі үш ер адамның қатарынан ең үздік ер адам рөлі номинациясында «Оскар» сыйлығын алуы дəлелдейді. «Газды жарық» фильміндегі рөлі үшін атышулы Ингрид Бергман «Оскар» сыйлығын алды. 1940 жылдар мен 1950 жылдардағы аралықта ол Джуди Холидей ойнайтын төрт фильм түсірді. Солардың біреуі үшін ол «Оскар» сыйлығын алды. Кьюкордың фильмінде «Оскар» сыйлығының төрт мəрте иегері Одри Хепбёрн алғашқы рөлін сомдаса, Грета Гарбо соңғы рөлдерін сомдады.
Кьюкордың соңғы жұмыстарының бірі оған кеңестік режиссерлермен жұмыс істеу тəжірибесін сыйлады: екі арадағы қарым-қатынастың жақсаруы кезеңінде «20th Century Fox» пен «Ленфильм» кинокомпаниялары бірлесе отырып, Морис Метерлинктің пьесасының желісі бойынша «Көгілдір құс» ертегісін түсірді.
Түсірілім алаңының сыртында Кьюкор бонвиван ретінде атақты болды. Оның вилласындағы тұрақты ойын-сауық кештеріне көптеген голливудтық атақты адамдар жиналатын. Ол əйелдерге қызықпайтын, жас ер адамдармен бірге өмір сүретін. Бір жолы ол тіпті «әдепсіз мінез-құлқы» үшін қамауға алынып, голливудтық қожалардың араласуынан кейін бұл іс тез жабылды. Кьюкор 1983 жылы 24 қаңтарда жүрек талмасынан дүниеден өтті жəне Глендейлдің «жұлдызды» зиратында жерленді. Өзінен кейін бірнеше миллиондаған долларлық дəулет қалдырды.
Фильмографиясы 1930 ж. — «Ашулы» / Grumpy 1930 ж. — «Рақымды күнə» / Virtuous Sin 1930 ж. — «Бродвейлік корольдер отбасы» / The Royal Family of Broadway 1931 ж. — «Масқараланған ару» / Tarnished Lady 1931 ж. — «Қыздар қала жайлы» / Girls About Town 1932 ж. — «Билль ажырасу жайында» / A Bill of Divorcement 1932 ж. — «Голливуд қанша тұрады?» / What Price Hollywood? 1932 ж. — «Өзіңмен өткен бір сағат» / One Hour with You (Эрнест Любичбпен бірге) 1933 ж. — «Сегіздегі түскі ас» / Dinner At Eight 1933 ж. — «Кішкентай əйелдер» / Little Women 1935 ж. — «Дэвид Копперфильд» / The Personal History, Adventures, Experience, & Observation of David Copperfield the Younger 1935 ж. — «Аруларсыз» / No More Ladies 1935 ж. — «Сильвия Скарлетт» / Sylvia Scarlett 1936 ж. — «Камелия» / Camille 1936 ж. — «Ромео мен Джульетта» / Romeo and Juliet 1938 ж. — «Мереке» / Holiday 1939 ж. — «Заза» / Zaza 1939 ж. — «Əйелдер» / The Women 1940 ж. — «Филадельфиялық оқиға» / The Philadelphia Story 1940 ж. — «Сьюзен мен Құдай» / Susan and God 1941 ж. — «Екіжүзді əйел» / Two-Faced Woman 1941 ж. — «Əйелдің жүзі» / A Woman’s Face 1942 ж. — «Оның қағаз көңілдесі» / Her Cardboard Lover 1942 ж. — «Алауды сақтаушы» / Keeper of the Flame 1944 ж. — «Газды жарық» / Gaslight 1944 ж. — «Қанатты жеңіс» / Winged Victory 1947 ж. — «Екіжақты өмір» / A Double Life 1949 ж. — «Менің ұлым - Эдвард» / Edward, My Son 1949 ж. — «Адамның қабырғасы» / Adam’s Rib 1950 ж. — «Кеше туған» / Born Yesterday 1952 ж. — «Некені құтқару» / The Marrying Kind 1952 ж. — «Пэт пен Майк» / Pat and Mike 1953 ж. — «Актриса» / The Actress 1954 ж. — «Жұлдыз туды» / A Star Is Born 1954 ж. — «Бұл сіздің басыңызға түсуі керек» / It Should Happen to You 1955 ж. — «Бховани станциясы» / Bhowani Junction 1957 ж. — «Қыздар» / Les Girls 1957 ж. — «Жөнсіз жел» / Wild Is the Wind 1960 ж. — «Күлгін шалбардағы сайтан қыз» / Heller in Pink Tights 1960 ж. — «Аяқталмайтын əн» / Song Without End 1960 ж. — «Төсек рақатына батайық» / Let’s Make Love 1962 ж. — «Чэпмен баяндамасы» / The Chapman Report 1962 ж. — «Бірнəрсесі болар» / Something’s Got to Give 1964 ж. — «Менің тамаша аруым» / My Fair Lady 1969 ж. — «Жюстина» / Justine 1972 ж. — «Əпкеммен саяхат» / Travels With My Aunt 1975 ж. — «Қирандының арасындағы махаббат» / Love Among the Ruins 1976 ж. — «Көгілдір құс» / The Blue Bird 1981 ж. — «Атақты əрі бай» / Rich And Famous
Дереккөздер
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болғандар Санат:Эмми сыйлығының иегерлері