Татьяна Самойлова Евгеньевна(04.05.1934 жылы туған, Ленинград) - орыс кеңес киноактрисасы, РСФСР - дің еңбек сіңірген артисі (1963). Өмірі 1958 жылы Мәскеудегі Б.В.Щукин атындағы театр училищесін бітірді. 1956 жылдан киноға түскен. "Тырналар ұшып барады" фильміндегі (1957) Вероника ролі оның есімін көпшілікке танытты. Осы рөлі үшін Каннда өткен 11 - Халықаралық кинофестивальдың сыйлығына ие болды. Басқа рольдері : Таня ("Жіберілмеген хатта",1960), Кеңес барлаушысы ("Альба Регияда",1961), Соня ("Олар Шығысқа сапар шектіде", 1964), Анна Каренина (осы аттас фильмде , 1968) т.б. 1964 жылы Қазақстанда өткен орыс әдебиеті мен өнерінің он күндігіне қатысты. Сыйлықтары "Құрмет белігісі" орденімен марапатталған. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 10 бет

Санат:1934 жылы туғандар Санат:Тұлғалар