Оноре Габриэль Рикетти де Мирабо (; 9. 3. 1749, Биньон, Немур қаласының маңы,—2, 4. 1791, Париж) — граф, Ұлы француз революциясының қайраткері. 1789 ж. Марсель мен Экстің үшінші сословиесінен Бас штатқа сайланып, шешендік дарынымен ерекше көзге түсті. Оноре феодал-абсолюттік құрылысты аяусыз әшкереледі. Бірақ саяси көзқарасы Англиядағыдай парламенттік монархияны мұрат етумен шектелді. Революцияда халық бұқарасының рөлі күшейген сайын, Оноре бірте-бірте консервативтік бағытқа ойысып, революцияның онан әрі дамуын тежеуге тырысқан ірі буржуазияның басшысына айналды. 1790 ж. сәуірде Король сарайының құпия агенті болуға келісті. Ж. П. Марат пен М. Робеспьер Онорены қатаң сынға алды.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Оноре Габриэль Рикетти де Мирабо · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.