Элизабет Эган Гиллис ( ; 1993 жылы 26 шілде, Хэворт, Нью-Джерси) – америкалық актриса , әнші және де биші .Бродвейдегі “13” мюзикліндегі Люси , “Виктория-жүлдегер” телехикаясындағы Джейд рөлдері арқылы танымал болды .

Өмірбаяны Элизабет “Лиз” Эган Гиллис 26 шілде 1993 жылы , АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Хэворт қаласында дүниеге келген . Хэворт мемлекеттік орта мектебін бітіріп , Демертегі “Northern Valley Regional High School” мектебінде оқыған .

Эллизабет 1995 жылдан бастап , жарнамаларда түсе бастаған . 2007 “Доннели ағайындары”, “Кішкене шкаф 514” фильмдерінде сынға түсті . 2008 жылдың жаз мезгілінде ол Джейсон Роберт Браунның есею туралы “13”мюзикілінде Люси рөлін ойнады .

2009 жылы Лиз “Виктория-жүлдегер” атты телехикаясында Джейд рөлін ойнап бастады . Осы телехикаяда ол басты антагонист рөлін ойнап ,Бек Оливермен (Эван Джогия) кездеседі . джейд күнделікті мектеп оқушыларының барлығымен дөрекі әрі қатыгез . “Виктория-жүлдегер” телехикаясында ол Ариана Грандемен “Give It Up” , Виктория Джастиспен “Take a Hint” өлеңдерін айтты .

Гиллистың YouTube-те жеке беті бар . Ол Джон Ленонның –өлеңдеріне кавер жасайды . 2013 жылы Элизабет Ариана Гранденың “Right There” бейне клипінде түскен. Осыдан кейін Элизабет бірнеше фильмдерде рөл ойнайды .

Жеке өмірі 2009-2010 жылдар аралығында Элизабет Эрик Нельсонмен кездесіпті . Олар “13” мюзикілінің түсірілімдерінде танысқан . Айырылысудың себебі бұл – Елизабеттің “Виктория – жүлдегер ” телехикаясының түсірілімдері үшін Лос-Анджелеске кетудің міндеттілігі .

2013 жылдан бастап Элизабет сазгер Майкл Коркаранмен кездесуде , бірақ бірнеше уақыттан кейін Майклдың опасыздық жасап , Лизге өзгертуі мәлім болды .

Фильмографиясы 2007 - Кішкене шкаф 514 - Locker 514- Тринни 2007 - Доннелли ағайындылары - The Black Donnellys - Дженни 2007—2013 - Винкс клубы - Winx Club - Дафна 2008 - Гарольд - Harold - Эвелин Трейлор 2008 – Қарсылық - The Clique - Шелби Векслер 2009 – Батарея таусылды - The Battery's Down - қонақ 2010—2013 - Виктория-жүлдегер - Victorious-Джейд Вест 2011 - Ай-Карли – Icarly - Джейд Вест 2011 – Берекеге ұмтылуда - Big Time Rush - Хизер Фокс 2011 - Суперменның өлімі мен қайта оралуы - The Death and Return of Superman – жас келіншек 2012 – Менімен дос бол - Friend Me- Эмили 2012 – Ақ жаға - White Collar-Хлои 2013 - Мадагаскар пингвиндері - The Penguins of Madagascar – әнші 2013 – Бұрынғылар - The Exes-Трэйси 2014 - Сэм мен Кэт - Sam & Cat - Джейд Вест 2014- Аң – Animal - Мэнди 2014 – Әкешімді өлтіріп - Killing Daddy-Келли Росс 2014 - Секс, есірткілер және рок-н-ролл - Sex & Drugs & Rock & Roll - ДжиДжи 2015 - Демалыс - Vacation - Хезер 2017-2022 - Әулет - Dynasty - Фэллон Кэррингтон

Дереккөздер

Санат:1993 жылы туғандар Санат:Актёрлер