Әбу-Жәлел пір (Әбжел қожа) (17 ғасырдың соңы – 18 ғасырдың 1-жартысы) — ғұлама. Руы – Керейт (Қосым Қожаның ұлы). 1726 жылы Ордабасыдағы Құрылтайда біріккен қазақ қолының пірі, рухани көсемі болып сайланған.

Үргеніште оқыған, Мекке мен Мединеге қажылыққа барған, ислам дінінің қағидаларын жетік білген. Халықты имандылық жолында тәрбиелеуге, мешіттер ашқызып, қазақ арасында мұсылманшылықты дамытуға көп үлес қосқан. Әбу-Жәлел пірдің кеңесімен Абылай Сарғалдақ қожаны Арқаға, Шақшақ Жәнібекті, әкелі-балалы Кәши және Азына қожаларды Торғайға, тағы басқаларын қоныстандырған.

Әбу-Жәлел қожа 1731–1732 жылдары М.Тевкелев елшілігінен кейін Ресейге қосылуға келіспей, Әбілқайыр ханға қарсы шыққан топ басшыларының бірі болды.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:XVII ғасырда туғандар Санат:XVIII ғасырда қайтыс болғандар Санат:Ислам ғұламалары Санат:Қазақстан қажылары