Жаңатұрмыс — Ақмола облысының Астрахан ауданындағы ауыл, Қызылжар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Астраханка солтүстікке қарай 35 км жерде, Боқсық өзенінің жағалауындағы бетеге, боз, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен карбонатты қызғылт қоңыр, қара топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен11731016 593 58,4 499 314 62,9 517 279 54
Тарихы Іргесі 1957 жылы осы маңда “Қызылжар” астық өсіру кеңшарын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жаңатұрмыста 1 серіктестік және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Астрахан ауданы елді мекендері