Белқұрақ, Шілікті – Лепсі өзенінің оң тармағы.

Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан ауданы жерімен ағады.

Бастауы Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейінен (Қарабөгет ауылы тұсында) Лепсіден бөлініп шығып, Арқарлы ауылынан төменде Сарықұмға сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Ұзындығы 80 км. Қараша айының ортасында суы қатып, наурыздың 2-жартысында мұзы ериді. Суы егін суғаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сарқан ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы