Белтау – Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жота. Орташа биіктігі 400 – 500 м, ең биік жері 592 м. Ұзындығы 25 – 30 км.
Жер бедері Аласа қырқалы, төбелерінің беткейі жайпақ. Белтау жотасының батысында Бесқотан, солтүстігінде Қырыққұдық, т.б. құдықтар бар.
Өсімдігі Оңтүстік аймаққа тән ашық сұр топырағында қияқ, қоңырбас, т.б. шөлейт белдемінің эфемерлі өсімдіктері өседі. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сарыағаш ауданы таулары