‎‎ Желқуар бөгені — Сынтасты өзені бойында, Қостанай облысы Жітіқара ауданы жеріндегі бөген. 1964 жылы салынған.

Гидрологиялық сипаты Аумағы 5,6 км². Су көлемі 38,4 млн. м³. Ең терең жері 11 м. Жітіқара қаласын және маңайындағы шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз етуде пайдаланылады. Бөгенде шортан, табан балық, сазан, т.б. балықтар тіршілік етеді."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысы гидрографиясы Санат:Тобыл су алабы