Желмая – Шахтинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жердегі шоқы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Абай ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Ең биік жері 612 м. Ұзындығы мен ені 2 км. Девон жыныстарынан түзілген. Беткейі жалпақ, аз тілімденген.
Өсімдігі Топырағы қызғылт қоңыр, дала өсімдіктері өседі. Жайпақ беткейлерінің баурайы жыртылған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) таулары Санат:Шоқылар