Қазақстан (), толық атауы Қазақстан Республикасы, — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларынан, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне созылады. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов теңізі мен Қара теңізге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан ең үлкені.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас. Қазақстанның солтүстігі мен батысындағы көршісі Ресеймен шекарасы — әлемдегі құрлықтағы ең ұзын шекара (7 591 километр). Қазақстан оңтүстігінде Түрікменстанмен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13 394 километр. Батыста Каспий теңізімен (2000 километр), оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.
2026 жылғы 1 сәуірдегі елдегі тұрғындар саны — 20 547 909 адам, бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 902 км²).
Елдің елордасы — Астана қаласы. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақтар құрайды, пайыздық үлесі — 70,18%,Биылғы Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі белгілі болды орыстар 18,42%, өзбектер 3,29%, украиндар 1,36%, ұйғырлар 1,48%, татарлар 1,06%, басқа халықтар 5,38% (2021). Халықтың 75% астамын мұсылмандар құрайды, православ христиандар 21%, қалғаны басқа да дін өкілдері (2009).
Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) (номинал) — $205,539 млрд (2018). Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылықтары: егіншілік, мал, балық, ара, орман). Елдің негізгі валютасы — теңге.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) ыдырауына байланысты Қазақстан өз егемендігін жариялады және көп ұзамай халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. Қазақстан 1992 жылының 2 наурызынан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.
Этимологиясы Қазақстан сөзі қазақ "Қазақ" сөзінің мағынасы «ҚАЗАҚ» ДЕГЕН ЭТНОНИМНІҢ ШЫҒУ ТЕГІ. ОНЫ «КАЗАК» ЭТНОНИМІНЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР? және -стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі, Ұлы дала елі және Қазақия деген атаулар қолданылуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Батырғалиұлы Мағаз. Әдебиет қазақия, 1908 жыл Үздіктер ішінде Қазақия жоқ "Ана тілі" газеті, ҚАЗАҚИЯ ҚАЛАЛАРЫ
«-стан» суффиксі парсы тіліндегі stân (; estân, istân) сөзінен келген. Парсы тілінде -стан суффиксі жер дегенді білдіреді және географиялық атаулар сыртында да қолданылады, мысалға rigestân (ریگستان; құм, шөл жері), golestân (گلستان; гүл, бақша жері).
Тарихы
нобай|солға|Темір дәуірі кезіндегі Орталық Азия, соның ішінде Қазақстан
Қазақстан жерінде адам баласы палеолиттен бері тұрады. Ботай мәдениеті (б.з.б. 3700–3100) жылқыны тұңғыш рет асыраған делінеді. Ботай мәдениетінің солтүстік еуразиялық та, шығыс азиялық та генеалогиясы болатын. Пасторализм аймақта неолит дәуірінде дамыған. Қола дәуірі мен темір дәуірі кезінде халық еуропалық нәсілге жататын.
Тарихтан бұрынғы заманда Орталық Азияда мүмкін үндіеуропа делінетін Афанасьев мәдениеті,Allentoft et al. (2015); Haak et al. (2015), кейін үндіиран Андроново мәдениеті, "Archaeologists are now generally agreed that the Andronovo culture of the Central Steppe region in the second millennium BC is to be equated with the Indo-Iranians." кейін сақтар мен массагеттер тұрды. Өзге топтар қатарында скифтер мен оңтүстіктегі парсылардың Ахемен әулеті болды.
Б.з.б. 329 жылы Ескендір Зұлқарнайын мен оның македон әскері Яксарт өзені маңында скифтерге қарсы шайқасты. Қазір Сырдария делінетін бұл өзен елдің оңтүстігінде орналасқан.
Түркі қағанаты
Түркілердің басты миграциясы V және XI ғасырлар арасында орын алды. Осы кезде олар Орталық Азияның көбіне тараған болатын. Түркі тайпалар бұрынғы ирандық тілділердің орнын алды да, нәтижесінде аймақтың көбісі генеалогиялық тұрғыдан шығыс азиялық болды.
Бірінші Түркі қағанатын Бумын моңғол даласында 552 жылы негіздеді, мемлекет көп ұзамай Каспий теңізіне қарай созылды. Көне түркілер миграция кезінде хиониттер, оногурларды ығыстырды. 35 жылдан кейін мемлекеттің шығыс және батыс бөліктері бөлек кетті. Батыс Түрік қағанаты өз шыңына VII ғасырдың басында жетті.
Құман-қыпшақтар мен Алтын Орда
нобай|оңға|Еуразиядағы Құман-Қыпшақ конфедерациясы, 1200 жылдар. Қазақтар қыпшақтар мен өзге де түркі мен моңғол тайпалардан тараған
Құмандар қазіргі Қазақстанға XI ғасырдың басында орналасты. Олар кейін қыпшақтармен бірігіп, Құман-Қыпшақ ірі конфедерациясын құрды. Ұлы Жібек жолы көмегімен өскен Тараз (Әулие-Ата) бен Хазреті Түркістан қалаларының беделіне қарамастан даладағы толыққанды саяси нығаю моңғолдар тұсында ғана басталды. XIII ғасырдың бірінші жартысында басталған Моңғол империясының билігі тұңғыш рет бекітілген әкімшілік бірліктерден (ұлыстан) құрылды. 1259 жылғы Моңғол империясының бөлінісінен кейін Қазақстан Жошы ұлысы делінген Алтын Орда қарамағына түсті. Алтын Орда тұсында Шыңғыс ханның түркіленген ұрпағы Ислам дінін қабылдап, аймаққа билеуін жалғастырды.
Қазақ хандығы
1465 жылғы Алтын Орда ыдырауынан Қазақ хандығы пайда болды. Керей мен Жәнібек құрған бұл мемлекеттің билеушілері де Жошы хан ұрпағы Төре әулетінен тараған болатын. Осы билік тұсында көшпенді өмір-салты мен малға негізделген экономика даладағы өмірін жалғастыра берді. XV ғасырда қазақ жеке ұлттық ой-санасы шыға бастады. Бұл қазақтардың шайбанилерден бөлінгенінен кейін басталды. XVI ғасырдың ортасына қарай қазақ тілі, мәдениеті, экономикасы негізделіп қалды.
Географиясы
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.
Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с. е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с. е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш. б.) Елтон және Басқыншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш. б.) Бұқтырма өзенінің бастауына тұспа тұс келеді.
Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері — Хантәңірі шыңы (6995 м, қар құрсауымен қосып есептесе 7010 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең ойпат жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төменде орналасқан.
Әкімшілік бөлінуі
Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 17 облыс, 89 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент), 186 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.
нобай|center|upright=1.8|Қазақстан әкімшілік бірліктері және олардың орталықтары (8 маусым 2022 жылдан бастап)
№ Аймақ Әкімшілік орталығы Ауданы, км² Тұрғыны(1 шілде2017 ж. адам)2011 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны Тұрғыны (1 қаңтар2019ж. адам) 2 жылдыққорытынды (адам)Тұрғыны (1 маусым 2023 ж. адам)https://stat.gov.kz/1 20px|Туы Алматы облысыҚонаев 105 263 2 003 063 2 037 393 34 3301 516 5062 20px|Туы Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) Өскемен 97 800 1 386 208 1 379 079 7 129729 8133 20px|Туы Қарағанды облысыҚарағанды 239 045 1 381 501 1 378 863 2 6381 136 1774 20px|Туы Жамбыл облысыТараз 144 264 1 116 384 1 124 559 8 1751 222 0935 20px|Туы Түркістан облысы (ОҚО)Түркістан 117 249 1 929 000 1 977 768 48 7682 132 2086 20px|Туы Қостанай облысыҚостанай 196 001 876 833 873 124 3 709831 8607 20px|Туы Ақтөбе облысыАқтөбе 300 629 851 339 867 828 16 489933 2678 20px|Туы Қызылорда облысыҚызылорда 226 019 777 730 793 299 15 568803 681Байқоңыр қаласын қоспағандағы саны9 20px|Туы Павлодар облысыПавлодар 124 800 755 847 753 981 1 866755 543 10 20px|Туы Ақмола облысы Көкшетау 146 219 737 449 739 566 2 117788 723 11 20px|Туы Маңғыстау облысыАқтау 165 642 650 509 676 835 26 326775 805 12 20px|Туы Батыс Қазақстан облысы (БҚО)Орал 151 339 643 874 651 874 8 000690 712 13 20px|Туы Атырау облысыАтырау 118 631 613 880 632 896 19 016698 210 14 20px|Туы Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) Петропавл97 993 560 553 555 020 5 533533 127 15 20px|Туы Алматы — республикалық маңызы бар қала451 1 772 779 1 854 556 81 7772 185 596 16 20px|Туы Астана — республиканың елордасы710,2 1 006 570 1 078 362 71 7921 376 528 17 20px|Туы Шымкент — республикалық маңызы бар қала506 1 002 291 1 011 511 9 2201 203 184 18 20px|Туы Байқоңыр — республикалық маңызы бар қала57 38 500 39 161 66134 57819Абай облысыСемей185 500610 29220Жетісу облысыТалдықорған118 648699 27721Ұлытау облысыЖезқазған188 936221 823 Барлығы 2 724 902 17 994 200 18 592 701 598 50119 879 003
Ірі қалалар
thumb|upright|Астана thumb|upright|Алматы thumb|upright|Байқоңыр ғарыш айлағы
Орны Қала Тұрғыны Миллионер қала > 1 млн 1 Алматы 2 175 218 2 Астана 1 367 156 3 Шымкент 1 198 570 Жүз мыңнан астам тұрғынды қалалар 100–999 мың тұрғын 4 Қарағанды 516 946 5 Ақтөбе 562 355 6 Тараз 428 337 7 Семей 329 457 8 Павлодар 334 057 9 Өскемен 367 749 10 Атырау 404 129 11 Қостанай 265 186 12 Қызылорда 351 828 13 Орал 357 704 14 Петропавл 222 276 15 Ақтау 274 053 16 Жаңаөзен 148 921 17 Теміртау 177 695 18 Түркістан 221 493 19 Көкшетау 191 692 20 Талдықорған 202 147 21 Екібастұз 145 473 22 Рудный 123 805 Барлық тұрғын саны(ірі қалаларда): 10 366 347 Қазақстанның жалпы тұрғын саны: 19 879 003 Ірі қалалардың тұрғын санындағы үлесі % 52,1%
Халқы