Өзбекстан (), ресми атауы — Өзбекстан Республикасы () — Орталық Азияда орналасқан тәуелсіз мемлекет. 1992 жылғы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша — президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президенті 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мәжіліс) қос палаталы болып келеді және Заң Шығару палатасы (төменгі палата) және Сенат (жоғарғы палата) болып бөлінеді. Атқарушы органы – Министрлер Кабинеті. Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (қ. Қарақалпақстан), бір орталық бағынысты қала (Ташкент) және он екі облысқа бөлінеді.

Тарихы thumb|left|alt=A.|Бұхарадағы Исмоил Сомони кесенесі Ежелгі тарихы Өзбекстан жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан бастап (палеолит) мекендей бастады. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде (неолит) егіншілік пен бақташылық пайда болды. Қола дәуірінің соңында алғашқы мемлекеттік бірлестіктер – Соғды және Хорезм тайпалық одақтары құрыла бастады. Б.з.б. 5 – 4 ғасырларда ел аумағы Ахемен әулеті (Бірінші Парсы империясы деп те аталады) билеген парсы патшалығына бағынды. Бұл кезеңде өзбек жерін мекендеген халықтар мен олардың тарихы туралы Геродоттың жазбалары мен Бехистун сына жазуында айтылады.

Б.з.б. 330 – 328 жылдары өлкеге Ескендір Зұлқарнайын шапқыншылық жасады. Грек-македон империясы ыдырағаннан кейін ел аумағында әр түрлі кезеңдерде Бактрия, Кушан патшалығы, Қаңлы мемлекеттері өмір сүрді. 5 ғасырдың ортасында құрылып, түркілердің қысымымен ыдырап кеткен ақ ғұндар (эфталит) мемлекетінің негізінде ел аумағы бір орталыққа біріге бастады. 6 ғасырдың ортасында Алтай мен Жетісуда құрылған Түрік қағанаты құрамында болды. 7 ғасырда ел аумағы Батыс түрік қағанатына бағынды. Осы кезеңде Ұлы Жібек жолы дамып, Самарқанд, Бұхара, т.б. қалалар ірі сауда орталықтарына айналды.

7 ғасырдың аяғында қағандық ыдырап, өлкені арабтар жаулап ала бастады. Халық жаппай ислам дінін қабылдай бастады. Араб мәдениетінің ықпалымен Мәуереннаһр аймағы ислам әлемінің аса ірі мәдени орталығына айналды. 9 ғасырдың басында Араб халифаты ыдырай бастады да, ел аумағында Самани мемлекеті құрылды. Мауераннахр мен Зерафшан өңірі барынша дамыды.

10 – 12 ғасырларда ел аумағында Қарахан мемлекеті, Ғазнауи әулеті, Салжұқ мемлекеті кезек-кезек билікке келді. 12 ғасырдың екінші жартысында Хорезмшах мемлекеті күшейіп, Бұхар мен Самарқандты бағындырды. 13 ғасырда өзбек жері Моңғол империясы құрамына кіріп, ел аумағында Шағатай қағанаты құрылды. 14 ғасырдың екінші жартысында Әмір Темір Мәуераннаһр жерінде қуатты империя құрды. Оның астанасы Самарқанд қаласы ірі сауда орталығына айналды. Үндістан, Қытай және Шығыс Еуропа арадағы тікелей сауда байланысы елдің экономикалық және мәдени өркендеуіне әсерін тигізді. Өзбек мемлекетінің тарихи негізі қаланып, саясат, экономика, мәдениет, ғылым мен өнер саласында ірі табыстарға қол жетті. Әмір Темір өлгеннен кейін қуатты империя екіге бөлінді. Мәуераннаһрды Әмір Темірдің немересі Ұлықбек басқарды. Ұлықбек қолөнер мен сауданы дамытуға қолдау көрсетіп, ғылым мен мәдениетке жіті көңіл бөлді әрі аса көрнекті ағартушы-ғалым ретінде танылды.

15 ғасырдың соңы мен 16 ғасырдың басында Орта Азияны Мұхаммед Шайбани ханның көшпелі өзбек тайпалары басып алды. Көшпелілердің жергілікті тұрғындармен сіңісуі нәтижесінде “Өзбек” этнонимі орныға бастады. Шайбани әулеті елдің шаруашылығын нығайтып, суландыру жүйесін жетілдіруге, ақша реформасын жүргізуге тырысты. Бірақ Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандығына, сондай-ақ қазіргі Иран, Ауғанстан аумағында құрылған мемлекет бірлестіктерге қарсы үздіксіз соғыстар Шайбани мемлекетінің ыдырауына алып келді. 17 ғасырдың басында Бұхара хандығы, Хиуа хандығы, 18 ғасырдың басында Қоқан хандығы құрылды. Хандықтар арасындағы халықты күйзелткен үздіксіз соғыстарға қарамастан, өлкенің шаруашылық-мәдени тұрмысы әрі қарай дамыды, ирригациялық құрылыстар жетілдірілді, ауыл шаруашылығы жақсарып, жаңа қалалар бой көтерді.

Патшалық Ресей заманы 19 ғасырда Британ империясы мен Ресей Орта Азияға, оның ішінде Өзбекстанға да көз тігіп, пайдалы қазбалар көзін иеленуге ұмтылды. Қазақ жеріне мықтап орналасқан Ресей Бұхар, Хиуа және Қоқан хандықтарымен дипломатикалық байланыс орнатуға тырысты. Ресей басқыншылары Орта Азия жеріне басып кіріп, 1876 жылы Түркістан генерал-губернаторлығын (орталығы – Ташкент қаласы) құрды. Қоқан хандығы жойылып, оның аумағы Түркістан генерал-губернаторлығына берілді. Бұхара және Хиуа хандықтарының аумақтары қысқартылып, өздері Ресей боданына айналды. Мақта алқаптары ұлғайтылып, мақта тазалау заттары мен май айыру кәсіпорындары салынды. Орта Азия Ресейдің отарына, оның аграрлы шикізат базасына, өнеркәсіп бұйымдарын өткізу ауданына айналды. 20 ғасырдың басында орыс шаруаларын Орта Азияға қоныс аударту басталды. Экономикалық және әскери стратегиялық мақсатты көздеген патшалық Ресей Орта Азия, Орынбор-Ташкент темір жолын сала бастады.

Кеңес Одағы заманы 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс елдің қоғамдық-саяси өміріне өзгерістер алып келді. «Шура-И Ислам», «Шура-И Улема» ұйымдары, «Жас Бұхаралықтар» қозғалысы пайда болды. Діни және түрікшілдік қозғалыстары күшейді. 1917 жылы 28 қарашада Қоқан қаласында құрылған Мұстафа Шоқай бастаған Түркістан автономиясын көп ұзамай большевиктер күшпен таратты. Ташкентте, т.б. ірі қалаларда жергілікті гарнизон солдаттары мен негізінен славян ұлты жұмысшыларын өз жақтарына шығарып алған большевиктер т. ж. бойларында Кеңес үкіметін орнатты және 1918 ж. РКФСР құрамында Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Бірақ ірі қалалар мен әскери бөлімдер жоқ жерлердің барлығында жергілікті халықтың қолдауына сүйенген басмашылар қозғалысы күрт күшейді. 1920 жылы Ішкі Ресейдегі Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қызыл Армия бөлімдері басмашылар қозғалысын күшпен басты. Көп ұзамай Хиуа және Бұхар хандықтарында да Кеңес өкіметі күшпен орнатылып, халық толқулары Қызыл Армия тарапынан қатыгездікпен жанышталды. 1924 – 25 жылдары Орта Азия елдерінде ұлттық межелеу жүргізіліп, КСРО құрамында Өзбек КСР-і құрылды. 1937 жылы қабылданған Өзбек КСР-і Конституциясы КСРО тарағанға дейін қолданыста болды. Екінші дүниежүзілік соғысқа өзбек халқы да белсене араласты.

Тәуелсіздік 1991 жылғы 31 тамызда өткен Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы елдің атауын Өзбекстан Республикасы деп өзгертіп, 1 қыркүйекте елдің тәуелсіздігі туралы декларация қабылдады. Елдің тұңғыш президент болып бұрын Өзбек КСР басқарған Ислам Кәрімов сайланды.

Өзбекстанның авторитарлық басшысы Ислам Кәрімов 2016 жылы қайтыс болды. Оның орнын премьер-министр болған Шавкат Мирзиёев алды.

Халқы Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 2025 жылдың 1 қаңтарында 37 543 167 мың адамды құрады. Өзбекстанға халықтың ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән, яғни халық саны табиғи өсу есебінен артады. Табиғи өсу жылына шамамен 1,7%, бұл ТМД елдері арасындағы екінші көрсеткіш болып табылады. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 24, ал өлім 7 адамды құрайды. Ел тұрғындарының өмір жасының ұзақтығы — 75,1 жас . alt=Uzbek children|солға|нобай|Өзбек балалары Өзбекстан — көпұлтты мемлекет, мұнда 120-дан ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Табиғи өсудің жоғары болуы себепті және басқа ұлттардың (әсіресе орыстардың) республика аумағынан тыс жерлерге қоныс аударуына байланысты өзбек халқының саны артып келеді. Қазіргі кезде өзбектер ел халқының 3/4 бөлігін құрайды. Олардан басқа орыстардың 7,4%, тәжіктердің 4,7%, қазақтардың 4,1% үлесі біршама. 2001 жылдың өзінде Өзбекстаннан Қазақстанға 15 861 адам қоныс аударды, олардың негізгі бөлігін тарихи отанына оралған қазақ халқының өкілдері құрайды.

Жалпы алғанда, халықтың орташа тығыздығының жоғары (1км² жерге 56 адам) болғанымен, ел аумағында халықтың қоныстануы біркелкі емес. Халықтың көпшілігі егіншілікке қолайлы алқаптарда қоныстанған, мұнда тығыздық 1км² жерге 350-380 адамнан келеді. Экологиялық жағдайы нашарланған Қарақалпақстан аумағында, шөлді Бұхара, Навои облыстарында халық сирек тұрады, кейбір аудандарда тұрғылықты халық мүлде жоқ. Орта Азияның барлық елдеріндегі сияқты, Өзбекстанда да қала халқының үлесі 38%, төмен.

Ірі қалалары — Ташкент 3,1 млн адам, Самарқанд 395 мың, Наманган 310 мың адам. Экономикалық белсенді халықтың 44%-ы ауыл шаруашылығында, 20%-ы өнеркәсіпте, 36%-ы қызмет көрсету саласында еңбек етеді.

Этникалық топтар Өзбекстан халқы этникалық топтар бойынша 1926 – 2021 жж. +Этникалық топтар1926 жылғы санақ1939 жылғы санақ1959 жылғы санақ1970 жылғы санақ1979 жылғы санақ1989 жылғы санақ2017 жылғы санақ2021 жылғы санақсаны %саны %саны %саны %саны %саны %саны %саны %Өзбектер3,467,22673.04,804,09665.15,038,27362.27,733,54164.710,569,00768.714,142,47571.426,917,70083.829,200,00084.4Тәжіктер350,6707.4317,5605.1311,3753.8457,3563.8594,6273.9933,5604.71,544,7004.81,700,0004.9Қазақтар191,1264.0305,4164.9335,2674.1549,3124.6620,1364.0808,2274.1803,4002.5821,2002.4Қарақалпақтар142,6883.0181,4202.9168,2742.1230,2731.9297,7881.9411,8782.1708,8002.2752,7002.2Орыстар245,8075.2727,33111.61,090,72813.51,495,55612.51,665,65810.81,653,4788.4750,0002.3720,3002.1Қырғыздар79,6101.789,0441.492,7251.1110,8641.0142,1820.7174,9070.8274,4000.9291,6000.8Түрікмендер31,4920.746,5430.754,8040.771,0660.692,2850.6121,5780.6192,0000.6206,2000.6Татарлар28,3350.6147,1572.3397,9814.9442,3313.7531,2053.5467,8292.4195,0000.6187,3000.5Корейлер300.072,9441.2138,4531.7151,0581.3163,0621.1183,1400.9176,9000.6174,2000.5Украиндар25,3350.570,5771.187,9271.1114,9791.0113,8260.7153,1970.870,7000.267,9000.2Қырым татарлар46,8290.6135,4261.1117,5590.8188,7721.0Түріктер3710.04740.021,2690.346,3980.448,7260.3106,3020.5Еврейлер37,6210.850,6760.894,3031.2102,8430.999,8360.794,6890.5Армяндар14,8620.320,3940.327,3700.334,4700.342,3740.350,5370.340,0000.1Әзербайжандар20,7640.43,6450.140,5110.540,4310.359,7790.444,4100.241,2000.1Ұйғырлар36,3490.850,6380.819,3770.224,0390.229,1040.235,7620.2Башқұрттар6240.07,5160.113,5000.221,0690.225,8790.234,7710.2Басқа77,8891.698,8381.6126,7381.6198,5701.7176,2741.1204,5651.0486,9001.5444,9001.3Барлық4,750,1756,271,2698,105,70411,959,58215,389,30719,810,07732,120,50034,600,000

Дін

Экономикасы thumb|alt=A.|1000 сом — Өзбекстан ұлттық валютасының ең ірі банкноты Өзбекстан — индустриалды-аграрлы мемлекет. 1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес үкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты. 1990 жылы ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44,4%-ын құрады. Ташкент авиациялық-өндірістік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, “Ил-114 т.” ұшақтары шығарылады. 1996 жылы Оңтүстік Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомобильдік шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Сонымен бірге автомобидбдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді. Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия – Орталық және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында саяси-экономикалық, әскери, мәдени байланыстар орнаған. 1992 жылы екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек, 1994 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік, 1998 жылы Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. 2004 жылы екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

thumb|400px|Өзбекстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің картасы