Моноплан (, «бір, жағлыз» және , «жазықтық») — фюзеляждың екі жағында орналасқан бір қанаты бар ұшақ. Қазіргі заманғы ұшақтардың негізгі түрі.
Қанаттың орналасуына байланысты монопландар келесідей болып бөлінеді: Жоғарыплан (, ) Ортаплан (, ) Төменплан (, ) Парасоль ( — қолшатыр) — қанат фюзеляждың үстінде орналасқан.
Егер монопланның қанаты кергіштермен, тіреулермен немесе тіреуіштермен ұсталынып тұрмаса, онда оны «еркінтасушы»() деп атайды. Бипланмен салыстырғанда еркінтасушы монопландар ауыр болып келеді, алайда олардың қанаттары жоғары ұшу сипаттамаларына ие.
Дереккөздер
Қолданылған әдебиеттер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.
Санат:Авиация Санат:Аэродинамикалық сызбалар