Қайрат Әшірбеков (21 қазан 1982 жыл, Шымкент, Қазақ КСР) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-ойыншысы.

Мансабы Шымкент футболының түлегі. Карьерасының біраз бөлігін "Ақтөбе" клубында өткізіп, Қазақстанға танылды. "Ақтөбе" сапында екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды.

Одан бөлек "Ордабасы", "Тараз", "Шахтер," Локомотив" клубтарында ойнады.

Ұлттық құрама 2006-08 жылдары Қазақстан құрамасы сапында ойнады. 2008 жылы Арно Пайперс ұлттық құрамадағы бапкерліктен кеткен соң Қайрат қайта құрамаға шақырылған жоқ.

Құрама сапында екі гол соқты. Соның бірін 2007 жылы 24 наурызда Сербия құрамасының қақпасына енгізді. Бұл ойында Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Жетістіктері «Ақтөбе»

Қазақстан чемпионы (2): 2005, 2007

«Ордабасы»

Қазақстан кубогы: 2011 Қазақстан суперкубогы: 2012

Жеке

Қазақстан чемпионатындағы үздік 22 футболшының тізіміне енді: 2002, 2005

Сілтемелер

Профилі Статистикасы

Санат:1982 жылы туғандарСанат:21 қазанда туғандарСанат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары