Жиектеп жару — жобалау шегінен тыс жатқан биік тау жыныстарының тұтастығы мейілінше аз бұзылып қазба беттерінің тегістігін қамтамасыз ететін көмкерме шпурларды (ұңғыларды) оқтау және оны жару тәсілі. Жиектеп жарудың негізгі ерекшеліктері: ұңғылар мен шпурларды жақын орналастыру, жарылғыш заттардың патрондарын бір-бірінен алшақ орналастыру, патрондардың диаметрі шпур (ұңғы) диаметрінен кіші болуы, қазба қабырғасын қорғайтын жағында саңылау қалдыру. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 . Дереккөздер
Санат: Физика Санат: Терминология Санат: Металлургия Санат: Тау-кен ісі Санат: Химия