Қамар Қасымов (1893, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 14 маусым, 1966, Алматы) - музыка аспабын жасаушы шебер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958 ж.).

Өмірбаяны Қасымов қазақтың дәстүрлі көне музыкалық аспаптарын жетілдіру ісімен айналысқан тұңғыш органолог. Ол XX ғасырдың 1920 - 1930 жылдарындағы мәдени бетбұрыстардың бел ортасында болып, көне қылқобызды, сал-серілердің тоғыз пернелі қара домбырасы, дауылпаз бен шыңдауылды, сыбызғыны классикалық аспап дәрежесіне дейін жетілдіріп, оркестрлік шығармаларды орындауға лайықтап жасады. Ол жасаған аспаптар көптеген халықаралық көрмелерге қойылды. Қасымов жасаған музыкалық аспаптар Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы, Семей қалаларындағы мұражайларда сақтаулы.

Марапаттары "Еңбек Қызыл Ту" ордені медальдармен марапатталған. Моңғолия үкіметінің ең жоғары "Алтын гадс" орденімен марапатталған. Баян-Өлгей аймағының құрметті азаматы атанған. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:1893 жылы туғандар Санат:Баянауыл ауданында туғандар Санат:14 маусымда қайтыс болғандар Санат:1966 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Музыка аспабы шеберлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Алтын гадс орденінің иегерлері Санат:Баян-Өлгей аймағының құрметті азаматтары