Резерфордий (лат. Rutherfordium; Rf) 1997 жылға дейін – Курчатовий (лат. Kurchatovіum; Кu) — элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент, атомдық нөмірі 104, атомдық массасы 261. резерфордийді Дубна қаласындағы Ядролық зерттеулер институтында плутоний Pu элементін неон Ne элементімен атқылау арқылы алған.Научные открытия России.

Химиялық қасиеттері Резерфордийдің қосылыстары құбылмалылығымен ерекшеленеді: мысалы, RfCl4. Осы қасиеттері арқылы оны актиноидтардан ажыратады.

Күшті қышқылдық ерітінділерде Rf(IV) ионы гидратталған түрде кездеседі және химиялық комплекстер түзуге бейім.Неорганическая химия. Радиоактивные элементы 2-е изд., испр. и доп. Учебник для СПО автор: Игорь Бекман ISBN 9785043090591

Дереккөздер

Санат:Химиялық элементтер Санат:Радиоактивті элементтер