Гүлнәр Бораш (Смағулова) (5.9.1958. Алматы қаласы) – телережиссер.
Алматы театр көркемөнер институтын бітірген (1990). Еңбек жолын Қазақ теледидарының насихат және үгіт хабарлары Бас редакциясында әкімшіліктен бастаған. Кейін Қазақ теледидарында, "Алатау" арнасында режиссер ассистенті, режиссер (1978-85), "Хабар" агенттігінде режиссер (1986-98), "Қазақстан" телеарнасында бас режиссер (1999-2006), "Век" шығарм. бірлестігінде шеф-режиссер (2008). 2009 жылдан бастап "Хабар" агенттігінде режиссер болып істейді.
Телеэкранда "Аламан Айтыс", тікелей эфир арқылы саяси пікірталастар, "Дала-думан", телемарафон, "Сандық", "Қымызхана", "Шамшырақ" бағдарламаларын эфирге шығарды. "Бірінші" деректі бейнефильмінің және республиканы мекендейтін ұлттар мен ұлыстар жайлы "Қазақстан" фильмінің режиссері. "Алтын жұлдыз" конкурсының иегері. Қазақстан журналистер одағының лауреаты. "Күміс жаршы" Құрмет белгісімен, дипломдармен марапатталған. "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан режиссёрлері Санат:1958 жылы туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Алматыда туғандар