Көкпекті — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, аудан (1932 жылдан) және Көкпекті ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы – Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 243 км жерде, Зайсан көліне солтүстіктен құятын Көкпекті өзені мен республикалық маңызы бар Семей – Зайсан және Өскемен – Көкпекті автомобиль жолдарының қиылысқан тұсында, дала белдемінде орналасқан. Ең жақын темір жол станциясы – Жаңғызтөбе (125 км).
Халқы Тұрғыны: 5,7 мың адам (1999); 5,0 мың адам (2004); 5,1 мың адам (2009); 4189 адам (2016).
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен5700 5111 5103 99,8 2470 2494 101 2641 2609 98,8
Тарихы Іргесі 1780 жылы қаланды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жеке ауылдық елді мекен болды. 1932 жылы аудан орталығына айналды. Ауылда тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорын, наубайхана, жылжымалы механикаландырылған колонна, автобаза, байланыс бөлімі жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Кәсіптік-техникалық мектеп, 2 орта мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, балалар бақшасы, кітапхана, тубдиспансер, ветдиспансер, т.б. бар. "Көкпекті жолдары" атты ЖШС бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Көкпекті ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның қала статусынан айырылған елді мекендері