Октябрь Қыдырбайұлы Жарылғапов ( Өзбекcтан, Ташкент облысы Янгиюль қаласы — , Алматы) — волейболшы, спорт шебері (1960). Қазақстанның (1962), КСРО-ның (1965) еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Алматы малдәрігерлік институтын (1955) және Алматы дене шынықтыру институтын сырттай оқып (1962) бітірген. 1955 —1958 жылдары волейболдан Қазақстанның құрама командасында ойнады. “Буревестник” командасының құрамында республика чемпионы (1954 — 1957).

1955 — 1962 жылдары волейболдан Қазақстан ерлер құрама командасының аға жаттықтырушысы болды. Жарылғаповтың жетекшілігімен Қазақстан волейболшылары халықаралық кездесулерде жеңіске жетті.

Жарылғапов КСРО-ның, Еуропаның, дүние жүзінің және Олимпиялық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерін (В.Кравченко, Ж.Сауранбаев, О.Антропов, т.б.) тәрбилеген. 1965 — 1968 жылдары Республикада спорт және дене тәрбиесін, оның ішінде волейболды дамытуға үлкен үлес қосқан.

Сілтеме Қазақ энциклопедиясы

Санат: 1931 жылы туғандар Санат:Алфавит бойынша волейболшылар Санат:КСРО волейболшылары