Болат Жамитұлы Өтемұратов (13 қараша 1957, Атырау) — қазақ кәсіпкер, қоғам қайраткері, спорттық функционер және меценат. Қазақстан Теннис федерациясының президенті (2007 жылдан бастап)https://online.zakon.kz/document/?doc_id=30100336#sub_id=0, Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті (2019 жылдан бастап)https://online.zakon.kz/document/?doc_id=33374310#sub_id=0, Швейцариядағы тұңғыш Қазақстан елшісі (1996—1999). Forbes журналының есептеуі бойынша 2024 жылы байлығы 2,7 млрд $ бағаланды.https://forbes.kz/ranking/object/41

Өмірбаяны 1957 жылы 13 қарашада Қазақ КСР Гурьев қаласында (қазіргі — Атырау) дүниеге келді.

Қызылорда қаласындағы К.Е. Ворошилов атындағы № 3 мектепте білім алып, 1975 жылы 10-сыныпты бітірді.

1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдап, экономист мамандығын алды. Институтты бітіргеннен кейін, сол жерде оқытушы болып, кейіннен 1986 жылға дейін Алматы сауда басқармасы жүйесінде жұмыс істеді. 1986-1990 жылдары Кеңестік аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.

1990-1992 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитеті – кейіннен Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығы болып жұмыс істеді. 1992 жылы Австриядағы Қазақ сауда үйінің бас директоры болып тағайындалды. 1993 жылы Қазақстанға оралып, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары (1993-94 жж.), ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары (1994-1995 жж.) ретінде қызмет атқарды.

1996-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілі.

ҚР Президентінің Әкімшілігінде әр түрлі лауазымдарды иеленді: 1999 жылғы ақпаннан 2003 жылғы маусымға дейін — ҚР Президентінің Сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, 2003 жылғы маусымнан 2006 жылғы наурызға дейін — ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы (2004 ж. қараша – 2006 ж. наурыз). 2006 жылғы наурыздан 2008 жылғы желтоқсанға дейін – ҚР Президентінің Іс басқарушысы. 2007 жылы Қазақстан теннис федерациясының президенті болып сайланды. 2007 жылғы шілдеден 2022 ж. қаңтар айына дейін - «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Саяси кеңесінің мүшесі.https://zhasalash.kz/sayasat/qosh-bol-nur-otan-qosh-parlament!-19469.html 2022 жылдың қаңтарында «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, партияның жоғары өкілді органы 55%-ға жаңарған кезде, Өтемұратов кейбір кәсіпкерлер сияқты партияның саяси кеңесінен шығып қалды.https://kazaknews.kz/sayasat/n-r-otanny-sayasi-ke-es-ramy-bekitildi/

2008 жылғы желтоқсаннан 2013 жылғы наурызға дейін ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, 2010 жылғы мамырдан 2013 жылғы наурызға дейін - Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ҚР Президентінің Арнайы өкілі болды.

2019 жылғы 1 қазаннан бастап Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті болып сайланды.COMPANY STRUCTURE

Коммерциялық қызметі Болат Өтемұратов – Қазақстанның ірі кәсіпкерлерінің бірі.https://forbes.kz/ranking/object/41 Оның алғашқы ірі жобасы — «АТФ Банкінің» дамуы және оның UniCredit италиялық тобына сәтті сатылуы (1995 – 2007 жж. қараша). Осы кезеңде банк шағын қаржы мекемесінен 160 бөлімшесі және 8 миллиардтық теңгерімі бар ірі мультиөңірлік және мультиөнімдік қаржы тобына дейін өсті.https://bulatutemuratov.kz/stati/kak-bulat-utemuratov-sozdal-privlekatelnyj-dlya-inostrannyh-investorov-finansovyj-institut-i-chto-iz-etogo-poluchilos/ 2009 жылғы дағдарыстан кейін мына банктерді құрды: Kassa Nova –Қазақстандағы алғашқы микрокредиттік банк және ForteBank — бизнеске арналған банк. 2014 жылдың мамыр айында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бизнесмен Болат Өтемұратовқа Темірбанктегі өз үлесін және Альянс банктегі өз акцияларының бір бөлігін сату бойынша мәмілені аяқтады. Қор «Темірбанк» АҚ-ның 79,88% қарапайым акциясын 35,7 млрд теңгеге, сондай-ақ «Альянс Банк» АҚ-ның 16% қарапайым және артықшылықты акциясын 1,5 млрд теңгеге сатты. «Темірбанк» АҚ қосымша 2010-2012 жылдары бөлінбеген пайда есебінен, «Самұрық-Қазына» АҚ-ға 9,1 млрд теңге көлемінде үлеспайда төледі. Мәміле нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ 51% қарапайым және артықшылықты акциялармен «Альянс Банк» АҚ акцияларының бақылау пакетін сақтап қалды, ал Болат Өтемұратов «Темірбанк» АҚ-дағы бақылаушы акционерге айналды. Осы мәмілеге қатысты Өтемұратов келесідей пікір білдірді: «Темірбанк» акцияларының бақылау пакетін және «Альянс Банк» акцияларының миноритарлық пакетін сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталуы осы банктерді қалпына келтіру үдерісіндегі негізгі қадам болып табылады. «Альянс Банкіне» қатысты «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, банк капиталын берік қалпына келтіру мақсатында оның сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау бойынша банк кредиторларының өкілдерімен мұқият және жан-жақты келіссөздер жүргізілуде. Өз тарапымнан мен «Темірбанктің» капиталын құю және оларды болашақта біріктіру арқылы «Альянс банкті» қалпына келтіруге қатысуға дайынмын». Сонымен қатар Өтемұратов мырза «Верный Капитал» инвестициялық тобының негізгі акционері болып табылады, Veon-мен бірлесіп, Beeline маркасымен жұмыс істейтін екі телекоммуникациялық операторға – Қазақстандағы «КарТел» және Қырғызстандағы «Sky Mobile» операторларына ие.

Байлығы Жыл Байлығы Орны 2024 2,7 млрд $ https://forbes.kz/ranking/75_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2024 әлемде 1238-ші, елде 6-шы2023 2,7 млрд $ https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2023 әлемде 1104-ші, елде 6-шы2022 2,8 млрд $ https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2022 әлемде 1123-ші, елде 6-шы2021 3,5 млрд $ https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2021_1621273818/amp әлемде 891-ші, елде 4-ші2020 2,8 млрд $ https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_1525434752_1603074535/amp елде 4-ші2019 3,4 млрд $ https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2019 елде 2-ші2018 2,6 млрд $ https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_2018_1525434751/amp елде 4-ші2017 2,4 млрд https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_2017_2018/amp елде 2-ші2016 2,4 млрд https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2016 елде 1-ші2015 2,6 млрд $ https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana_-_2015/amp елде 1-ші2014 2,2 млрд $ https://forbes.kz/articles/50_bogateyshih_biznesmenov_kazahstana/amp елде 1-ші2013 2,2 млрд $ https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_lyudey_kazahstana_-_2013 елде 2-ші2012 1,6 млрд $ https://forbes.kz/ranking/50_bogateyshih_lyudey_kazahstana_-_2012 елде 4-ші

Қоғамдық және қайырымдылық қызметі 2007 жылғы тамызда Болат Өтемұратов ҚР Теннис федерациясының президенті болып сайланды. Кәсіби спортшылар мен жасөспірімдерді қолдаумен қатар, Қазақстандағы Теннис федерациясының басым міндеттері Baby Тennis және «10-ға дейінгі Теннис» бағдарламалары болып табыладыhttps://ortcom.kz/kk/novosti/1681370279. Team Kazakhstan теннис академиясы құрылды, бұл - теннистен ұлттық құраманың болашақ мүшелері дайындықтан өтетін интернат түріндегі оқу орны. Теннистен ерлер құрамасы үш рет Дэвис Кубогының ширек финалына шықты (2011, 2013, 2014 жж.), әйелдер құрамасы Федерация Кубогының әлемдік тобында өнер көрсетеді. Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы 10 қазақстандық теннисші әлемдегі топ 100-дің қатарына кірді.https://standard.kz/kz/post/qazaqstandyq-10-tennissi-alemdegi-top-100-din-qataryna-kirdi-489

2015 жылдан бері Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Директорлар кеңесінің және Дэвис Кубогы комитетінің құрамына кіреді, сондай-ақ әлемдік теннисті дамытуға белсенді қатысады. Қазақстанда теннисті дамытудағы зор жетістіктері үшін Халықаралық теннис федерациясының және Азия теннис федерациясының сыйлықтарымен марапатталды.https://tengrinews.kz/tennis/bulat-utemuratov-pozdravil-mihaila-kukushkina-volevoy-373180/https://ktf.kz/kz/federation/governance/?season=0&type=1&id=1 2019 жылғы қазан айында Қазақстан теннис федерациясы Астана қаласында Новак Джокович пен Рафаель Надальдің қайырымдылық матчын ұйымдастырды.https://www.zakon.kz/4980492-n-r-s-ltan-a-dzhokovich-pen-nadal-keled.html

2023 жылы Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясының (ITF) Директорлар кеңесінің мүшелігіне қайта сайланды, сондай-ақ ұйымның вице-президенті лауазымына тағайындалды.https://stan.kz/bolat-otemyratov-halikaralik-tennis-federaciyasinin-vic-322532/

2014 жылы Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры құрылды. Қор қызметінің салалары мына бағыттарды қамтиды: «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы – Қазақстанның 12 қаласында – Астана, Алматы, Өскемен, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз және Қарағанды қалаларында аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған «Асыл Мирас» аутизм-орталықтары табысты жұмыс істейдіhttps://utemuratovfund.org/kk/news/53 . Жыл сайын «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» халықаралық конференциясы өткізіледі. Қызыл Жарты Ай қоғамымен әріптестікте Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетедіhttps://tengrinews.kz/kazakhstan_news/fond-bulata-utemuratova-pomog-semyam-pavodkov-aktyubinskoy-494758/; БЦС ауыратын балалар ата-аналарының Арди қауымдастығының жобаларына қолдау көрсетедіhttps://forbes.kz//life/style/fond_bulata_utemuratova_vyidelil_1_mln_assotsiatsii_roditeley_detey-invalidov/?; Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы жөніндегі «Баламекен» жобасы – «Баламекен» жобасы аясында Болат Өтемұратов қоры Қызылордада 100 аз қамтылған көп балалы отбасыға арнап тұрғын үйлер салдыhttps://egemen.kz/article/199902-balameken-dgobasy-bastaldy. Бұл жобаны жүзеге асыру құны 450 миллион теңгені құрады. Арыс қаласында 2019 жылы маусымда оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде тұрғын үйінен айырылған жергілікті тұрғындарға 50 жаңа үйдің кілттері тапсырылды. Баспаналар 100 отбасыға есептелген. Қор осы мақсатқа 850 миллион теңге бөлдіhttps://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/354455-arys-alasynda-100-otbasy-baspanaly-boldy. 2020 жылғы мамырда Болат Өтемұратов Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына арнап 150 жаңа үйдің құрылысына 6 млн АҚШ долларын бөлдіhttps://holanews.kz/view/news/4858362; 2021 жылы Арал қаласында 40 отбасы "Баламекен" жоба шеңберінде жаңа баспанаға ие болды. Жаңа пәтерлерді иеленген отбасылардың қатарына көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер мен апатты жағдайдағы үйде тұрып келген отбасылар кірдіhttps://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/266603?lang=kk. Алматы Ботаникалық бағын қайта құру. 2020 жылдың мамыр айында, Алматыға жұмыс сапары аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ботаникалық баққа барып, құны 15 миллион АҚШ долларын құраған бақты қайта құру жобасына жоғары баға бердіhttps://sputniknews.kz/society/20200512/13951487/toqaev-almaty-botanikalyq-baq.htmlhttps://vernycapital.com/kz/news/467-otemuratov-tokaevka-botanikalyk-bakty-kajta-zhanartudan-kejin-korsetti-bul-bizdin-almatyga-syjlygymyz-bak-memleket-menshiginde-kalady ; Батырхан Шүкенов атындағы қорға қолдау көрсету.https://batyr.foundation/

2023 жылы Қор Түркияның Төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) арқылы жер сілкінісінен зардап шеккен түрік азаматтарына көмек көрсету үшін 5 миллион АҚШ долларын бөлді.https://astanatimes.com/2023/04/turkiyes-embassy-extends-gratitude-to-kazakh-people-for-support-in-aftermath-of-earthquake/

10 жыл ішінде Қор білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, табиғи апаттар мен техногендік апаттардан зардап шеккендерді қолдау, мұқтаждарға арналған тұрғын үйлер салу саласындағы қайырымдылық жобаларды іске асыруға 150 млн доллар жұмсады.https://forbes.kz/actual/bulata_utemuratova_priznali_metsenatom_goda/