Әбзәли Егізбаев (1907, Қармақшы ауданы Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылы - 29 тамыз 1945, Маньчжурия) – жауынгер ақын.
Өмірбаяны Қызылорда педагогикалық училищесін бітірген 1934). Жалағаш ауданында, кейін Қызылтам мектебінде мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған (1933 – 1934). 1938 жылы жалған саяси айыппен жазаланып, Магадан облысы Колыма өзені бойында орналасқан «Одинокий», «Партизанский» алтын кен орындарында жұмыс істеді. 1941 жылы елге оралған. 1941 – 1942 жылдары Жалағаш ауданы Жаңаталап мектебінің директоры болды. 1942 жылы әскерге алынып, алғаш Батыс майданда, кейін Шығыс майданда соғысқан. Елге қайтар жолда жапондар ұйымдастырған пойыз апатынан қайтыс болып, Маньчжурияда жерленген.
Шығармашылығы
Алғашқы өлеңдері майдандық газеттерде («Суворовшы», «Жауға қарсы аттан», т.б.) жарияланған. «Жорық жолында» «Дат» «Мақсұт» «Төрт дәруіш», т.б. поэмалары бар (1943 – 1945). Ақын шығармалары кейін жиналып: «Жауынгер жүрегі» (1969) «Жыр-аманат» (1978) «Елімнің сырын еттім жыр» (1996) "Киелі Қармақшым" (2003) атты кітаптары жарық көрген.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:1907 жылы туғандар Санат:Қармақшы ауданында туғандар Санат:29 тамызда қайтыс болғандар Санат:1945 жылы қайтыс болғандар Санат:Қытайда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:Екінші дүниежүзілік соғысы ұрыстарында қайтыс болғандар Санат:Маньчжурияда жерленгендер