Абдуллин Нариман (3.3. 1934 жыл, Жамбыл облысы, Меркі ауылы) – байланысшы.
Өмірбаяны Новосібір электротехникалық байланыс институтын бітірді. Еңбек жолын Алматының №2 қабылдау радиостанциясында қатардағы инженерліктен бастап, аға инженер, бас инженер
1967 жылы Байланыс министірлігінің Алматыдағы №1 радиоорталығының бастығы
1967-95 жылдары Алматы облысы өндірістік басқармасының бастығы. 1995-97 жылдары бас директордың кеңесшісі
1998 жылдан бастап А.Қ."Инте" жобалау институтында инженер. Алматы облысы байланыс мекемелерінің материалдық техникалық негізін жобалап, қарқынды дамытты. Бұл жылдары облыстың барлық аудан орталықтарында және кейбір бөлімшелерде жаңа жобамен байланыс үйлері салынды, телефон байланыстарының станциялық сыйымдылықтары арттырылып, автоматтандырылды. Алматы облыстық телефон байланыс жүйелері симметриялық кабельдер төселумен дамытылып, телефондық арналар саны көбейтілді. Марапаттары
"Құрмет Белгісі"
"Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен және медальдармен
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, республикалық Байланыс министірлігінің Мақтау қағаздарымен марапатталды.
КСРО байланыс шебері. Қазақ телевизиясы. Энциоклопедия. – Алматы: Қазақпарат, 2009, 1-T. ISBN 978-601-03-0070-5.
Дереккөздер
Санат:3 наурызда туғандар Санат:1934 жылы туғандар Санат:Меркіде туғандар Санат:Қазақстан байланысшылары Санат:Новосібір электротехникалық байланыс институты түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:КСРО байланыс шеберлері