Павел Николаевич Васильев (Лақап аты — Мұқан Башметов; 5 қаңтар 1910, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 16 шілде 1937, Мәскеу) - орыс ақыны, саяси қуғын-сүргін құрбаны.

Өмірбаяны Қиыр Шығыс мемлекеттік университетінде (1926) оқиды. Мәскеу жұмысшы факультетінде (1927) оқыған. 1930 жылдары "Голос рыбака" газетінің Каспий мен Аралдағы меншікті тілшісі болған.

Өлімі 1937 жылы 6 ақпанда ол тұтқындалды. 15 шілдеде КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасы оны Сталинге қастандық жасауды жоспарлаған деген «террористік топқа» қатысты деген айыппен өлім жазасына кесті. 1937 жылғы 16 шілде күні атылды.

Ақтау Ол 1956 жылы 20 маусымда КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының шешімімен «қылмыс құрамының болмауына байланысты» қайтыс болғаннан кейін ақталды.

Шығармалары Алғашқы өлеңдері 1926 ж. жылдан бастап жариялана бастаған. "Алтын барлауында" (1930) "Тайга адамдары" (1931) атты очерктер жинағы "Астрахан хаттары" "Еділ атырауында" Арал очерктері жарық көрген. Ақын "Жаз" (1932) "Тамыз" (1933) " Фома шаһзада" (1936), т.б. поэмаларын жазған. "Салт аттылар" "Бүркітпен аң аулау" "Серке туралы жыр", т.б. қазақтың аңыз-әңгімелеріне құрылған шығармалары "Песни киргиз-казахов" ("Қырғыз-қазақ әндері", 1932) ұжымдық аудармалар жинағына енген.

Мұқан Башметов деген бүркеншік атпен "Бал ашу" "Айырылысу" "Мен, Мұқан Башметов бір кесе қымызды сіміргенде" "Ертіс бойында" "Семей түбіндегі бақша" "Қоянды жәрмеңкесі" өлеңдерінің авторы.

І.Жансүгіровтің "Дала" поэмасынан "Арнауды" ("Посвящение") орыс тіліне аударған, сонымен бірге татар, башқұрт, чуваш, тәжік, т.б. тілдерден аударма жасаған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:5 қаңтарда туғандар Санат:1910 жылы туғандар Санат:Зайсанда туғандар Санат:16 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1937 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:XX ғасыр ақындары Санат:КСРО ақындары Санат:Ресей ақындары Санат:Орыс ақындары Санат:КСРО-да қуғындалғандар Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:Абақтыда қайтыс болғандар Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:Қайтыс болғаннан соң ақталғандар Санат:Шығыс Қазақстан облысы тұлғалары