Тілеулесов Январбек Сағымбайұлы — 1935 жылы 25 қыркүйекте Қоғалы ауылында «Путь к коммунизму» кеңшарында дүниеге келген. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х

1953 жылы М. Горький атындағы орта мектепті аяқтағаннан кейін Мәскеу полиграфия институтына оқуға түсті. Институт бітірген соң №2 баспаханаға жіберіліп, сонда слесарь болып еңбек жолын бастады. 1960 жылы Алматы полиграфкомбинатына ауысып, 1964 жылдың қазан айына дейін слесарь, цех бастығы, бас инженер болып істеді. 1964 жылдан Қазақстан Компартиясы ОК баспасында бас инженер, директор қызметтерінде істеді. Түрлі мекемелерде бас инженер, механик, аға инженер, бөлім бастығы болды. ҚР Кооператорлар мен кәсіпкерлер одағының тұңғыш вице-президенті. 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан басшылығы республикалық «Дәуір» газет-журнал баспасына бас директор қызметіне тағайындады. 2001 жылға дейін осында бас директор, президент лауазымдарында болды. 2003 жылдың маусымынан 2005 жылдың мамыр айына дейін «Астана полиграфия» ЖАҚ Директорлар Кеңесінің президенті болды.

ҚР Инженерлік академиясының академигі, профессор, ҚР Еңбегі сіңген қызметкер. Тәуелсіз Қазақстан медалімен, ҚазКСР 2 құрмет грамотасымен марапатталған.

Дереккөздер

Санат: Журналистика Санат: Тұлғалар Санат:Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері