Вивьен Ли, леди Оливье (, шын аты Вивиан Мэри Хартли ; 5 қараша, 1913, Дарджилинг, Үндістан — 7 шілде, 1967, Лондон, Ұлыбритания) – ағылшын актрисасы.
«Жел өтіндегі тағдырлар» (1939) фильміндегі Скарлетт О’Хара рөлі үшін және «Тілек» трамвайы (1951) фильміндегі Бланш Дюбуа рөлі үшін «Оскар» сыйлықтарын алған. Талантты актриса өзінің жұбайы режиссер Лоренс Оливьемен бірге бірнеше фильмді түсіру барысында жұмыс істеген.
Өзінің 30 жылдық мансабында неше түрлі рөлдерді сомдаған. Алайда денсаулығының нашар болуы оның жұмысына айтарлықтай әсерін тигізген. Қырықыншы жылдары дәрігерлер оған туберкулез деген диагноз қойған. 1960 жылы күйеуімен ажырасып, өмірінің соңына дейін театр сахнасында ойнаған. 1960 жылы «Голливудтың даңқ аллеясында» атаулы жұлдызға ие болды. 1999 жылы Американдық кино институты Вивьен Лиді «100 ең ұлы кино жұлдыздары» тізімінде 16 - шы орынға қойды.
Фильмография 1939 — «Жел өтіндегі тағдырлар»
Дереккөздер
Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Тони сыйлығының иегерлері Санат:Үздік актриса үшін Оскар сыйлығының иегерлері