Индуизм — дхармалық концепцияға сай келетін үнділік діндер мен түрлі рухани дәстүрлерді (сампрадаялар) біріктіретін атау. Дхарма ұғымы алғаш Ведаларда түсіндірілген. Сенімді ұстанушылар соларға сай ғарыштық тәртіпті рәсімдер мен өмірді дұрыс өмір сүру арқылы ұстап тұра алады. "Инду" экзоним ретінді қолданысқа енген, индуизм ең көні діндердің бірі ретінде айтылғанымен, заманауи қолданыста Санатана Дхарма атауы қолданылады. Одан бөлек индуизмнің Вайдика Дхарма деген де балама атауы қолданыста.

Индуизмде теология, мифология және мәтіндерінде кездесетін басқа да тақырыптарды қамтитын бірнеше ортақ концепцияларды бөлісетін түрлі ой жүйелері қалыптасқан. Индуизмдегі мәтіндер Срути және Смрти деп жіктеледі. Мәтіндері қатарында Ведалар, Упанишадтар, Пуранастар, Махабхарата (Бхагавад Гитаны қосқанда), Рамаяна мен Агамалар бар.

Тарихы Индуизмнің тұңғыш қауымы – «адживака» тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды. Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары -Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концептия тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізінкүллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух – пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Индуизм – Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр. Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде 700 миллионнан асады деген деректер бар. Оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жұртшылығының 83%-ы, Непал, Шри-Ланка, Бангладеш) индуизм кең таралған . Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен Африканың кейбір  өңірлерінде де аздап таралған. ХХ ғасырдан бастап индуизм Еуропа мен Америка елдерінде тамыр жайып, жаңаша ерекшелігімен жұртшылықтың бірден назарын аударды. нобай|Ганадағы индуистер Ганеш Чатуртиді тойлауы

Теологиясы Индуизм термині Синдху өзенінің парсы тіліндегі атауы "Хинду” деген сөзден негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен мен оның жағасындағы Үнді елін ғана білдірмей, сол елдегі халықтың атауына айналған. Индуизм дінінің ерекшелігі, мұнда құдайлардың саны өте көп, бәріне ортақ бір құдай жоқ. Діннің негізін салушы да, белгілі пайғамбар да жоқ, бірақ көптеген жеке білімдерді таратушы, рухани ұстаздар бар. Бір ортақ қасиетті кітап жоқ, оның орнына әр бағыттың негізі болып саналатын жазбалардың беделі өте күшті. Бұл дінде жалпы мойындалатын сенім символдары мен талаптары болмағанымен, индуистердің дүниетанымында ерекше орын алатын  ұғымдар (дхарма, карма, сансара, мокша, Брахман, атман, варна, каста т. б.) бар. Индуизмдегі құдайларды  бір атпен атау, бір түрге біріктіру мүмкін емес. Мұнда құдай  тұжырымдамасы әр түрлі, себебі индуизм Үндістанда ғасырлар бойы жинақталған жазбалардың барлығын өзінің қасиетті кітаптары ретінде қабылдаған, сондықтан да осы кітаптарда аталған 33 құдайдың (11-і аспандағы, 11-і ауадағы, 11-і жердегі) бәрі индуизмде мойындалады. Брахман – әлемді жаратушы, бастапқы бірліктің барлық тірі және өтпелі шындықтың мәңгілігін жүзеге асырушы. Бірақ Брахманның адам алдындағы еңбегі дәстүрлі индуистік түсінік бойынша көрнекті болмады. Сондықтан да Брахманға онша сыйынбайды, оған арналған храмдар саны да санаулы ғана. Индуистердің көпшілігі Шива мен Вишнуға табынғандықтан,  шиваиттер мен вишнуиттер болып екіге бөлінеді. Шиваның негізгі қызметі жою және өзгерту, сонымен қоса ол – өмірлік күштің және еркектік бастаманың иесі. Шиваға Лингама формасында еркектік өмір жасаушы бастама ретінде табыну өте көп таралған. Шива перілерге қарсы күрестерде ерекше батыл¬дық көрсеткендіктен, оны көбінесе қатал жоюшы ретінде қабылдайды. Бұл ипостасында Шива ырғақ пен би құдайы да болып келеді. Бидің қозғалы-сындағы Шиваның төрт қолы оның құдіреттілігі мен мүмкіншіліктерін бейнелейді. Қастарының орта-сындағы үшінші көз де жоюшылық күшті білдіреді. Индуистер, әсіресе шиваиттер, Ұлы Шиваға өте көп функцияларды таңады. Соның бірі шакти – Шиваның өзінің бөлек рухани энергиясы. Шакти тек қажетті жағдайларда ғана көрінеді. Индуистердің түсінігі бойынша шактидің көмегімен адам өзінің негізгі мақсатына, мокшаға (жанның туу мен өлім тізбегінен босатылуы) жетеді. Шактиді киелі әйелдік бастама Шиваның зайыбы Шакти құдай деп қабылдайды. Бұл Шактидің көрінісі ретінде  көптеген әйел құдайлар пайда болды. Солардың ішінде Дурға мен Калиге сыйынушылар өте көп. Вишну – индуизмдегі сақтаушы қызметіндегі құдай. Ол қарапайым және адамдарға өте жақын. Оның зайыбы Лакшми құдай нәзік әйел махаббатының бейнесін символдайды. Вишнудың аваторлары (басқа құдай түріндегі көріністер) өте көп. Төрт бейнеде ол жануар болып көрінеді.  Вишнудың қалған белгілі бес аваторлары: Парашурама, Рама, Кришна, Будда және болашақта келетін Калка құдайы болып есептеледі. Будданы Вишнудың аваторы ретінде қабылдау буддизмнің индуизм жүйесіне кіргізілгенін көрсетеді. Рама – "Рамаяна” поэмасындағы патшаның ұлы, тақтың мұрагері, батыр бейнесі. Халықтың санасында ол құрметке бөленіп, Раманың, Вишнудың аваторына айналған. Ал тағы бір белгілі эпостық жырдың кейіпкері Кришна да Вишнудың аваторы болып есептеледі. Кришна жалпы үнділік жоғарғы құдай дәрежесіне көтерілген. Жыр бойынша батыр жауынгер Арджу¬наның атқосшысы болып жүріп, оған аспан заңы мен эпикалық заңдардың жоғарғы мәні туралы әңгіме айтады. Кришнаның бұл философиялық тұжырымдары Бхагавад – Гита  тарауы түрінде Махабхарата  жырына енгізілген. Кейіннен Кришна ақылшы  философтан көңілді, жеңіл ойлы бақташы құдайға ауысады. Осы ипостасында ол Үндістан әйелдерінің сүйікті және өте белгілі құдайы ретінде дәріптеледі. Көктемгі діни мейрамдарда Кришнаға арналған көп діни ғибадаттар жасалады. Кришнаға табыну қазіргі кезде Америка және Батыс Еуропа елдерінде вайшнавизм, Кришна санасы қоғамдары арқылы кең таралған. Индуизмнің қасиетті жазбалары Ведалар болып есептеледі. Олар шрути – "тыңдау, естілу” деп аталады. Оның екі себебі бар: олар жоғарғы құдайдан естілген және шәкірттер ұстаздарының әңгімелерінен осы текстерді қабылдаған. Қазіргі индуизмде құдайға құлшылық еткенде осы ведалық мәтіндерден мантралар оқылады. Мантраларды (қасиетті сөздерді) тек санскрит тілінде оқу керек. Брахмандар – абыздардың сыйыну мен құлшылық ету оқулығы қара сөзбен жазылған. Бұлар ведалық әдебиеттердің екінші бөлігі болып есептеледі. Абыздар жеті Брахмандық мәтіндерді ерекше бөліп айтады. Келесі Араньяки мәтіндері де Құдайға құлшылық, медитация туралы айтады. Ал Упанишадтарда  индуизм философиясының мистикалық тұжырымдамасы берілген. Упанишад – қатар отыру деген ұғымды білдіреді. Гуру (рухани ұстаз) қасына отырған таңдаулы  шәкіртіне қасиетті ілім туралы кеңес берген. Дәстүр бойынша Упанишадтар 108 мәтіннен тұрады. Оларда индуизм философиясының мәнін ашатын категориялар берілген:  Жеке жан (Атман) және Әлемдік жан (Брахман) Брахман мәңгі өмір сүреді, бірақ формасы болмайды. Әлем бұл – елес (иллюзия, майя). Жан тізбектелген өмір циклынан (сансарадан) өтіп отырады, оның келесі тіршілігі өзінің іс-әрекетіне (кармасына) байланысты. Жанның азаптан босатылу қасиеті бар (мокша). Жаратылған әлемдегі барлық заттар бірлікте болады. солға|нобай|227x227 нүкте|Индуизмдегі Шива құдайына арналған Непалдағы Пашупатинат храмы