Арыстанбай (Арыстан) Тобылбайұлы (1811,Ақмола облысы, Сабынды ауданы — 1880, сонда) — суырып салма ақын.
Арғын тайпасы Атығай руынан шыққан. Әкесі — Тобылбай би. А. Орынбай, Серәлі, Шөже ақындармен айтысқан. Қоқан, Ташкент, Созақ, Үргеніш, Бұхар қалаларын аралаған. 1837 ж. Ташкент сапарынан оралып келе жатып, Кенесары ханның қолына түседі. Хан оны қауіпті адам санап өлтірмекші болғанда, ақын өзінің елі мен жеріне қоштасу жырын табанда суырып салып айтып, ақындық өнерінің құдіретімен ажалдан құтылады. Шоқан Уәлиханов А. ақынды ірі сөз шеберлерінің қатарына қосқан. Ол «Едіге туралы» жыр мен «Ер Қосай», «Ер Көкше» дастандарын алғаш А-дан естігенін жазады. А. Ұлытау экспедициясына жолбасшы болған кезінде (1845 — 46) бірге болған орыс оқымыстысы И.З. Безверхов оның ақындық, жыршылық, әншілік өнерін өте жоғары бағалайды, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын жатқа айтып бергенін жазады. Өлеңдері мен айтыстары жинақталып, 1910 ж. бастап әр түрлі жинақтарда жарияланып келеді."Қазақ Энциклопедиясы" Ақынның бүгінге "Арыстанның әні" атты жалғыз әні ғана жетті. "Қазақтың дәстүрлі 1000 әні" жинағы
Сыртқы сілтеме Научная библиотека Карагандинского государственного университета им.Е.А.Букетова Дереккөздер
Санат:Қазақ ақындары Санат:1811 жылы туғандар Санат:1880 жылы қайтыс болғандар Санат:Қорғалжын ауданында туғандар Санат:Қазақ жыраулары