Оқиғалар Қаңтар thumb|right|Болсонару жақтастарының Бразилия Сенатына басып кіруі 1 қаңтар Хорватия еуро валютасын қабылдап, Еуроаймаққа кірген 20-шы мемлекет болды да, Шенген аймағына еніп, Еуропаның пасспортсыз аймағының 27-ші мүше-мемлекеті болды. Луис Инасиу Лула да Силва Бразилия президенті болып сайланды. Қазақстанда Конституциялық Кеңестің орнына 1995 жылы таратылған Конституциялық Сот қалпына келтірілді. 5 қаңтар — Ватикан бұрынғы Рим папасы XVI Бенедикттің жерленуін ұйымдастырды. 8 қаңтар COVID-19 пандемиясы: Қытай 2020 жылдың наурызынан бері жабық шекарасын туристер үшін ашты. Бұрынғы Бразилия президенті Жаир Болсонарудың жақтастары Луланың сайлануына қарсы шығып, Бразилия Ұлттық Конгрессіне, Жоғарғы федералдық сотқа және Планалто президенттік сарайына басып кірді. 12–22 қаңтар — Нью-Йорк штаты, АҚШ-та Қысқы Универсиада 2023 өтті. 13–14 қаңтар — Чехиядағы президент сайлауының 1-раунды өтті. 20 қаңтар — Тринидад және Тобаго парламенті бұрынғы Сенат президенті Кристин Кангалуны елдің жаңа президенті ретінде сайлады. 23 қаңтар — Крис Хипкинс Жаңа Зеландияның жаңа премьер-министрі болып тағайындалды. 27–28 қаңтар — Чехиядағы президент сайлауының 2-раунды өтті. Нәтижесінде Петр Павел жеңіске жетті. Ақпан 3 ақпан — АҚШ Америка құрлығындағы Қытайдың «тыңшылық шарларын» бақылап жатқанын жариялады. Бірінші шардың атып түсірілуіне Қытай үкіметі «ұшқышсыз азаматтық дирижабль» АҚШ әуе кеңістігіне «толығымен кездейсоқ» енген ауа-райын зерттеу шары екенін жариялаған. 25 ақпан — Нигерияда жалпы сайлау өтті. Наурыз 5 наурыз — Эстонияда парламент сайлауы өтті. Сәуір 2 сәуір — Финляндияда парламент сайлауы өтті. 30 сәуір — Парагвайда жалпы сайлау өтті. Мамыр 5 мамыр — Жартылай айдың тұтылуы кешке және келесі күні таңертең Африкада, Азияда және Аустралияда көрінді. 6 мамыр — Лондонда Ұлыбритания Патшасы III Чарльз бен Патшайым Камилланың тәж кигізу жорасы өтті. 7 мамыр — Тайландта жалпы сайлау өтті. 12–28 мамыр — Финляндия мен Латвияда Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 2023 өтті. 14 мамыр — Түркияда парламент сайлауымен қатар президент сайлауының 1-раунды өтті. Еш үміткер 50%-ға жете алмағасын 2-турда Режеп Тайып Ердоған мен Кемал Қылышдарұлы бір-біріне қарсы болады.
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Нақты күндері жоқ
Қазақстанда
1 қаңтар - Қазақстанда Конституциялық Кеңестің орнына 1995 жылы таратылған Конституциялық Сот қалпына келтірілді. 19 қаңтар — Жетінші сайланған Қазақстан Парламентінің Мәжілісі таратылды, кезектен тыс парламент сайлауы 19 наурызға қойылды. 31 наурыз - Астанадағы сот газды қайта сату кезінде 14,5 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Кайрат Боранбайевті (Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы) үкім шығарды. Ол айыпты мойындау туралы келісімге келді - өз кінәсін толық мойындап, залалды өтеп, мемлекетке ірі активтерін ерікті түрде қайтарды. Осыған байланысты оның нақты бас бостандығынан айыру жазасы шектеулі бостандықпен алмастырылды. 10 мамыр - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахаметов алаяқтық және аса ірі көлемде (шамамен 30 миллион доллар) парақорлыққа итермелеу күдігі бойынша ұсталды. маусым - Абай облысында ірі орман өрті шықты. 14 қыркүйек - Қайрат Боранбаевтің ісі: Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау агенттігі 90 миллиард теңгеге бағаланатын активтердің (мұнай кеніші, газ компаниясы, «Алмалы» сауда орталығы, Fitnation фитнес орталықтар желісі) ерікті түрде қайтарылғанын жариялады. Сонымен қатар, ол білім инфрақұрылымын қолдау қорына 30 миллиард теңге аударды. Сот оның жаза мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартты. 16–17 қазан - Қайрат Боранбаевтің ісі: Боранбаев «Comfort Hotel Astana» қонақүйін мемлекетке тапсырып, шетелден 66 миллион доллар қайтарды. 21 қазан - Алматының шығысында Aport Mall East ашылды. Кешен Құлжа трактісі бойында орналасқан. 22 қазан күні шымкенттік Ордабасы футбол клубы өз тарихында тұңғыш рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Ордабасы 25 турда қарағандылық Шахтерді 3:1 есебімен жеңіп, Астана футбол клубынан 6 ұпайға оздыСite. 28 қазан күні Арселлор Миттал компаниясына тиесілі Костенко шахтасында өрт салдарынан метан жарылды. Шахтада 252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды. Авария салдырынан 46 кенші қаза болды. 29 қазан - Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. 6 қараша – Кайрат Боранбаев Гранитный ауылындағы түрмеден босатылды. 2023 жылы қайтарылған активтер мен ақша қаражатының жалпы сомасы 134 миллиард теңгеден асты. 13 қараша - Болат Назарбаев қайтыс болды.
Жоспарланған оқиғалар 25 маусым — Гватемалада жалпы сайлау өтеді. 20 шілде–20 тамыз — Аустралия мен Жаңа Зеландияда FIFA Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 2023 өтеді. 23 шілде — Камбоджада жалпы сайлау өтеді. 8 қазан — Люксембургте жалпы сайлау өтеді. 11 қараша — Польшада парламент сайлауы өтеді. 15 желтоқсан — Испанияда жалпы сайлау өтеді.
Туғандар Тағы қара: :Санат:2023 жылы туғандар
Қайтыс болғандар Тағы қара: :Санат:2023 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз
Дереккөздер
*