Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов (29 қараша 1971 жыл, Алматы) — қазақстандық ірі саясаткер, кәсіпкер және қаржыгер. 2022 жылдан бастап қызметтегі ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі​ министрі. Оған дейін 2019–2022 жылдары Сауда және интеграция министрі, 2018–2019 жылдары Астана әкімі сияқты ірі лауазымдарда болды.

Қысқаша өмірбаяны Шапырашты руынан шыққан.Новая Газета Казахстан - КЛАН — КЛАНЫ ВЫБИВАЕТНовая Газета Казахстан - Пройти по черте 1971 ж. қарашаның 29 Алматы қаласында дүниеге келді. 1994 ж. Қазақ ұлттық техникалық университетін «Робототехникалық кешендер және жүйелер» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1995 ж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді. 1994—2002 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде басқару жұмыстарын атқаруда. 2002 ж. қыркүйектен бастап 2003 ж. маусымға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды. 2003 ж. маусымнан бастап 2006 ж. ақпанға дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі қызметіне тағайындалды. 2006 ж. ақпаннан бастап 2007 ж. қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы болып қызмет істеді. 2007 ж. қаңтардан бастап — Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі. 2007 ж. тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. 2010 жылғы 13 наурыздан - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2012 жылғы 21 қаңтар - 2013 жылғы 6 қараша аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары. 2013 жылғы 6 қараша - 2018 жылғы 11 қыркүйек аралығында - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі. 2018 жыл 11 қыркүйек - 2019 жыл 13 маусым Мемлекет басшысының Жарлығымен Астана қаласының әкіміБақыт Сұлтанов Астана әкімі болды. 2019 жыл 17 маусым — 2022 жыл 15 тамыз Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министіріСерік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарады. egemen.kz

Қаржы министрі (2013—2018) Қазақстан Президентінің  № 684 бұйрығымен Премьер-Министр орынбасары — Қаржы министрі болып тағайындалды.

2013 Мәжілісте Бақыт Сұлтанов мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын таныстырып, шетелдік және отандық компанияларға тең мүмкіндік беруді, сондай-ақ 2 жылға дейін шектеулер қоюды ұсынғанда, спикер Нұрлан Нығматулин заң жобасын сынға алып, отандық тауарлар қымбаттап, сапасыз өнім алынып жатқанын айтты.

2014 6 тамызда Қазақстан Президентінің  № 877 бұйрығымен Премьер-Министр орынбасары лауазымынан босатылып, Қаржы министрі болып тағайындалды (қалды).

2014 жылы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде 4 млрд теңге, Білім және ғылым министрлігінде 1,4 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігінде 1,3 млрд теңге игерілмегенін анықтады. Кейін Сұлтанов бюджет заңнамасы мен мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзылуы 579 млрд теңгеге жеткенін хабарлап, құқық қорғау органдарына 620-дан астам материал жолдап, 365,4 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салды. Одан-бөлек 5 850-ден астам тәртіптік жауапкершілік жағдайларын қарап, негізсіз шығындар мен айыппұлдарды өндіріп алу арқылы бюджетке 2 млрд теңгеден астам қаражат түсуін қамтамасыз етті. Инфрақұрылымдық жобаларды, теміржол және энергетика нысандарын инвестициялау мақсатында бағдарламасы іске қосылды. Ақпанда теңге 19%-ға құнсызданып, бағам 1 доллар үшін 155,5 теңгеден 185 теңгеге дейін төмендеді. Қыркүйекте Сұлтанов 2015 жылғы бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2,2% деңгейінде болжаған 2015–2017 жылдарға арналған бюджет жобасын ұсынды. Сот жүйесін модернизациялау үшін 36 млн доллар, оңтүстік өңірлердегі ирригациялық жүйені модернизациялау үшін 103 млн доллар Дүниежүзілік банктен алынды. Маусымда кәсіпкерлерге 2013 жылдан 2014 жылға дейінгі мерзімдегі салықтық айыппұлдарды кешірді.

2015 2015 жылы республикалық бюджет 100% игеріліп, бюджет кірісі 330 миллиард теңгені асырды. Елде 9 жыл ішінде шамамен 20 миллиард доллар, ал жаһандық экономикалық факторлар мен шикізат бағасының төмендеуіне байланысты сол жылы тікелей шетелдік инвестициялар 30-40% қысқарады деп Сұлтановтың өзі мойындады. Бұл жағдайды түзеу мақсатында ірі мемлекеттік нысандарды жекешелендіруді жоспарлады. Жыл соңында 1 миллиард доллар несиені сақтап қалды. Бүкілхалықтық декларациялау 2020 жылға дейін шегерілді. 23 қарашада Үкімет отырысында 10 ай ішінде 156 миллиард теңге игерілмегенін айтып, ең көп қаржыны Экономика және Қорғаныс министрліктерін атады. Қазақстан халықаралық нарықта 4 миллиард доллар көлемінде еуробонда сәтті шығарып, 10 және 30 жылдық облигациялар сатылды. Бұл инвесторларға Қазақстандағы тәуекелдерді бағалай алатындарына көмектеседі. бағдарламасы аясында 80 мың жұмыс орны ашылып, 456 шақырым жол салынып, 11 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді. 20 тамызда Қазақстан теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамына көшіп, теңге 2 күнде 26% құнсызданды.

2016 1 қаңтардан бастап қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңға байланысты қаңтарда Ауыл шаруашылығы министрлігіне сыйға тартылған қытай телефоны аукционға қойылып, наурызда 240 мың теңгеге сатылды, ақпанда мемлекеттік қызметкерлерге сыйға тартылған шарап пен қалам аукционға қойылды. 2 ақпанда Үкімет отырысында үкіметтер мен банктерді заңдастыруды әлсіз насихаттағаны үшін сынға алып, Қостанай, ШҚО, Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында мақалалар аз екенін, ал Ақтөбе мен БҚО-да билборд мүлде жоқ екенін айтты. 15 ақпанда теңге 7 теңгеге, келесі күні 4 теңгеге нығайды. 5 наурызда 2016—2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң қабылданып, бұрынғы бюджеттен қарағанда осы жолы 340 миллиард теңге қосылды. Қаржы министрлігінің ғимаратында Наурыз мейрамында өткен концерт барысында баланың тұсауын кесті. Маусымда Мәжіліс отырысында заңдастыру барысында 1,7 триллион теңгеден астам мүлік тіркеліп, оның 1,5 триллионы заңдастырылғанын мәлімдеді. Кірістер жоспардан 941 миллиард теңгеге (26%) артық жиналды, шығыстардың жартысы — әлеуметтік, тағы 25% — экономикалық өсуге жұмсалды, салық төлеуші кәсіпорындар саны 7,3% артып, 85 мыңға жетті, республикалық бюджет 131%, жергілікті 115% , жалпы мемлекеттік бюджет 126% орындалды.

2017 3 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Назарбаев Сұлтановты 2016 жылы 36 млрд теңге игерілмей қалғандықтан және салық кодексін түсініксіз әрі күрделі деп атап, оған үшінші рет ескерту беретінін айтып, бұл жолы «өте ауыр болатынын» ескертті. 23 ақпанда Үкімет отырысында салық кодексінің күрделі екенін өзі мойындады. Қорғаныс министрлігі ұшақ қымбаттап, сатып алудан бас тартқандықтан 29 миллиард, келісімшарттар мен тендерлер кеш жасалғандықтан Ішкі істер министрлігі 1,2 миллиард, Білім және ғылым министрлігі 1 миллиард, Сыртқы істер министрлігі 920,2 миллион, Ауыл шаруашылығы министрлігі 870,2 миллион, Әділет министрлігі 759 миллион теңге игермеген. Осы үшін 53 шенеунік жазаланды. Жалпы бір жылда 146 миллиард теңге игерілмеген, оның 110 миллиарды — нақты себебі жоқ. Мысалы, 20 миллиард — доллар бағамы мен инфляция төмен болғандықтан, 77 миллиард — резерв қолданылмаған. 25 мамырда Сенат отырысынан кейін өз министрлігінде жемқорлық істері 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 81% өскенін айтты. 4 жылда салықты ерікті төлеушілер мөлшері 95%-дан 98,5%-ға өсті. Қауіпті салық төлеушілер 22%-дан 13%-ға азайды. Мемлекеттік кірістер комитеті қызметіне қанағаттану деңгейі 2014 жылы 71% болса, сол жылы 81%-ға жетті. Тексерулер 37,5%-ға қысқарды. Бюджетке 4,6 трлн теңге кіріп, 109,1%-ға орындалды. Салықтан 358 млрд теңге артық түсіп, Ұлттық қордан 70 млрд теңгеге аз ақша алынды. 25 қыркүйекте Астанада Қытай салық қызметі делегациясымен кездесті. Әскери қызметкерлерге, полицияға және депутаттарға жалақыны көтеруге 33,1 миллиард теңге бөлінді. Жалпы бюджет шығыны — 11 трлн 191,5 млрд теңге. Назарбаев Университетіне — 22,2 млрд, EXPO-дан кейінгі шараларға — 20 млрд бөлінді. Президент тапсырмасымен 1 шілдеден бастап полиция жалақысы 25%-ға өсті. 2018–2020 жылдарға Ішкі істер министрлігі үшін қосымша 11,417 млрд теңге бөлінді. Ең көп қаржы Қарағанды (1,293 млрд), Оңтүстік Қазақстан (1,220 млрд) және ШҚО (1,081 млрд) облыстарына бөлінді. 2014 жылдан бастап 291 нысан 113 млрд теңгеге сатылып, оның 8 млрд теңгесі республикалық бюджетке түсті. Одан бөлек мемлекеттік компанияларға 680 млрд теңге құйылды, жекешелендіруден тек 7,5 млрд теңге түседі деп жоспарланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 4,2 млрд теңге бөлінді, бюджет кірісі 9 691,5 млрд теңгеге дейін өсіп, Қырғызстанға көмек тоқтатылған соң, шығын мен тапшылық 14,1 млрд теңгеге қысқартылды. 2016–2017 жылдары тексеруші органдарың 15 басшысы жазаланды. Жемқорлық істер мен үйлеспеушіліктен Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіште төмендеді: бюджетті тиімсіз жұмсау — 13, ысырап — 24, аудит стандарттары — 1. Бюджет 99,8%-ға игерілді.

2018 Үкіметте Сұлтанов 1 қаңтардан бастап декларацияны онлайн тапсырып, баж салығын «бір терезе» жүйесі арқылы төлеуге болатын, ортақ зейнетақы 8%-ға, базалық зейнетақы 6%-ға өсетін болды деп мәлімдеді. «Жәбірленушілерге зиянды өтеу туралы» Заң қабылданды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Назарбаев Сұлтановтың 600 салық қызметкерін қысқартамын деп уәде бергенін, бірақ оларды жұмыстан босатпай, Өзбекстанмен шекараға және экспорттық бақылауға жібергені үшін оған екінші рет ескерту жасап, үшінші ескерту — соңғысы болады деп сынады. Бюджет 417 млрд теңгеге көбейіп, 9,6 млрд теңге болды: кіріс 181 млрд теңгеге артты, дефицит — 883 млрд теңге (ЖІӨ-нің 1,5%). 62 млрд — мұғалімдердің жалақысын 30–50%-ға көтеруге, 31,7 млрд — Назарбаев Университетіне, 2,7 млрд – мүгедектерге күтім көрсететіндерге жәрдемақыға, 71 млрд – киберқылмыспен күреске, 31 млрд – ауылдарға су тартуға, 31,5 млрд – инженерлік желілерге, 29 млрд – жолдарға, 15,6 млрд – ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінді. 39 жоспарланған нысанның тек 8-і сатылымға шығарылып, 2-еуі ғана сатылған. Осыған байланысты Сұлтанов Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Мәдениет және спорт және Білім және ғылым министрліктерінің үстінен шағым түсірді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2007—2010) 2007 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің  № 377 бұйрығымен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалды.

2008 жылғы желтоқсанда Қазақстан мұнай өндіруді азайтпауға шешім қабылдады, ал Мұнай экспорттаушы елдер қауымдастығындағы басқа елдер мұнай бағасын түсірмеу үшін өндіруді қысқартты. Сұлтанов және басқа шенеуніктер Қазақстан 2009 жылы 70 миллион тонна мұнай өндіруді жалғастыратынын айтты.

2009 жылғы қаңтарда теңгенің құнсыздануы 10 пайыздан аспайды және бұл біртіндеп болады деп болжады. Кейін мұнай бағасының төмендеуіне байланысты өндірісті сәл қысқартатынын, бірақ Қазақстан 2009 жылы шамамен 77 миллион тонна мұнай өндіруді сақтайды деп болжап, Қашаған кен орнындағы жұмысты 2013 жылға дейін кейінге қалдырды.

Наурызда 2009 жылы Қазақстан экономикасы бұрын жоспарланған 2,7%-ға емес, тек 1%-ға өседі деп айтты. Ол мұнай бағасының төмендеуі салдарынан бюджет кірістері шамамен 12%-ға азайғанын түсіндірді. Сондай-ақ, бағаның өсуі, яғни инфляция, шамамен 11% болады, бірақ 2013 жылға қарай ол 5,5–7,5% аралығына төмендеуі тиіс болжады.

2009 жылы елдегі болып жатқан экономикалық дағдарыс барысында сол жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан экономикасы төмендеуді тоқтатып, қалпына келе бастағанын айтты. Екінші жартыжылдықта ЖІӨ 3%-ға, ал маусымда 2008 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға өскен. Бірінші жартыжылдықта ЖІӨ 2,3%-ға төмендегенімен, Сұлтанов жыл соңына қарай шамамен 1% өсім болатынын күткен.

Сол жылғы қазанда 2009 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстанның ЖІӨ 1,5%-дан астам өскенін айтып, экономика жылдың басындағы төмендеуден кейін қалпына келе бастағанын түсіндірді.